spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Өңірде вирустық инфекция өршіп тұр

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы эпидкезеңде ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны 2,2 есе өскен. Бұл көрсеткіш Ақмола облысы төңірегінде. . Қазірдің өзінде 122 996 сырқаттану фактісі тіркеліп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Серік Омарханов баяндады.

Вирус жұқтырушылардың дені балалар. Спикер бүгінгі көрсеткіш  67 840ді көрсетіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл жалпы көрсеткіштің 55 пайызын құрайды. Ал оның ішінде 4 жасқа дейін – 26 693  және 5 жастан 14 жасқа дейін – 41 147 бала ауырғанын айтты. Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-нің 2 404 жағдайы тіркелді.

«Респираторлық аурулардың ауыр асқынуы пневмонияға әкеп соғады. Биылғы эпидемиялық маусым басталғаннан бері пневмониямен ауыратын 571 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 449, 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 125  жағдай. Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда ауруханаға жатқызудың 18% – ға өсуі байқалады, осы кезеңде 469 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 270, 1 жасқа дейінгі 73 бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. Жүкті әйелдер арасында 3 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылды», –деп мәлімдеді облыстық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Білім беру ұйымдарында ЖРВИ белгілері бар балалар мен қызметкерлерді анықтау үшін таңертеңгі тексеру жұмыстары ұйымдастырылған.  Вирус жұқтырған балаларды оқшаулау, сыныптарды желдету режимін күшейту, білім беру объектілерінде температуралық режимнің күнделікті мониторингін жүргізу жөніндегі іс-шаралар тұрақты жүргәзәләп тұрады. Сондай–ақ, ЖРВИ алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары да күшейтілген.

«Мектептегі сыныпта немесе балабақшадағы топта ЖРВИ-мен ауырғандардың үлесі 20% асса, сол сынып яки балабақшадағы топ соңғы ауру жұқтыру фактісі орын алған күннен 1 инкубациялық кезеңге қашықтықтан оқыту режиміне ауысады. Білім беру мекемесінде ауырғандар саны 30% асса, тұтас білім беру мекемесінда оқыту процессі тоқтатылады. Бүгінгі таңда ондай жағдай әлі тіркелген жоқ» – дейді спикер.

Жалпы алғанда, биылға эпидкезеңде пневмониямен ауруханаға түскендердің саны – 571 адам, 14 жасқа дейінгі балалар саны – 449. Бұл жалпы көрсеткіштің 78,6% құрайды. Биыл пневмония себебінен стационарға түскендердің саны 18% артқан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АЭС – болашаққа нық қадам !

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img