spot_img
Сенбі, Қазан 11, 2025
4.9 C
Kokshetau

Жалған ақша. Қандай банкноттарды жиі қолдан жасайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылы 1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 386-сы – банкнота, 5-уі – монета.

Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға аз (1 577 400 теңгеге барабар 519 жалған ақша белгісі).

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан жиі жасалатыны белгілі болды: 2000 теңге – 238 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 60%), 10 000 теңге – 55 дана (14%), 500 теңге – 50 дана (12,8%)

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматыда анықталды – 255 дана немесе жалпы санының 65,2%-ы. Қалған өңірлерде 136 дана немесе жалпы санынының 34,8%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар негізінен компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдана отырып жасалған. Қолдан ақша жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады, – делінген банк хабарламасында.

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ЖИ технологиялары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмысына енгізілуде

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Қор жұмысында жасанды интеллект технологияларын қолдану туралы баяндады. Ол...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика