spot_img
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
5.1 C
Kokshetau

Тағы бір партия Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына тиісті құжаттарды өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Respublica партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке тексерді.
«Құжаттар ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», – деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова.
«Бүгін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауға 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде ерлер-17 әйелдер- 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені 51 жаста», – деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды.
Respublica партиясы биыл 18 қаңтарда ресми түрде тіркелді.
6 ақпанда партия съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті.
Нәтижесінде аталған партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілген еді.

https://www.inform.kz/kz/tagy-bir-partiya-ortalyk-saylau-komissiyasyna-kuzhattaryn-tapsyrdy_a4032974

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика