spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Италияда тұрған Көкшетаулық азамат әскери борышын өтеу үшін отанға оралды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Туриндік» Тюрин Ұлттық Ұланда. Биыл Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің қатарын 230-дан аса жас сарбаз толықтырды. 2-2022 қысқы шақырылымына мүше болуға Қазақстанның жеті бірдей облысы, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, СҚО жастары ие болды.Ұлттық ұланның сапында қызмет етуге тіпті Италия мемлекетінде өмір сүріп жатқан қазақстандық Тюрин Никита да өз лебізін білдірген.

Балалық шағында әжесімен Италия мемлекетіне қоныс аударған Никита өмірінің басым бөлігін Турин қаласында өткізген. Криштиану Роналду,Андреа Пирло,Джанлуиджи Буффон сынды аты аңызға айналған аяқдопшылар өнер көрсеткен «Ювентус» кәсіби клубының жастар құрамасы сапында да тәлім алған. Бала күнгі арманын орындауға әлі де кеш емес екеніне кәміл сенімді Тюрин әскери қызметті аяқтаған соң, Қазақстан Примьер лигасы клубтарында бағын сынап көргісі келетінін жасырмады.

Туған жеріне оралған Никита Ұлттық Ұлан жайлы деректі фильмді көрген соң,ата-анасына өзінің Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына кіргісі келетінін жеткізген. Баласының батыл қадамына қуанған әкесі Никитаның бетінен қақпай, белін бекем буып әскерге аттандырады. Италяндық пастаны әскери ботқаға,ұялы телефонын АК-74 қаруына ауыстырған айбынды ұлан бұл қадамына ешқашан өкінбейтінін алға тартады. Керісінше,бұл әрекетін басқа жастарға стимул болып, олардың әскери қызметке деген құштарлығын арттырады деп санайды.Жас сарбаз орыс,француз және итальян тілінде емін-еркін сөйлейді, тіпті қарулас бауырларына 12 айдың ішінде қазақ тілін де үйренемін деп уәде етіп үлгерген. Тюриннің талпынысы басқаларға мотивация болып, рота ішінде жас сарбаздардың біріне бірі тіл үйретуі мейнстримге айналған

Қатардағы Тюрин қазіргі уақытта 5510 әскери бөлімінің 4-жеке атқыштар ротасында Отан алдындағы борышын өтеу үстінде. ҚАЖ мекемелерін күзету үшін әскери бөлім басшылығы, психалогиялық және физикалық тұрғыда дайын, басқалардан бабы басым жауыңгерлерді  оқу пунктінде іріктеп, Атбасар қаласына аттандырды. Білімділігімен де, біліктілігімен де ерекше көзге түскен Тюрин солардың бірі болды. Бүгінде әскери міндеттерін ынтамен-ыждағатпен жіті меңгеріп, күзет орнының сақшысы мен қарауылы атанған жас сарбаз қызметіне берік,антына адал, елі үшін ерекше еңбек етуде.

Жас сарбаздың басты мақсаты әскери қызметтің қиыншылықтары мен ауыртпалықтарына табандылықпен төтеп беріп, аялап өсірген анасы мен әкесіне,азаматтық өмірдегі сүйіктісіне аман-есен оралу.Болашақта балаларын да міндетті түрде әскерге жіберіп,оларға азаматтық борышын өтеу керек екенін барынша түсіндіретінін жасырмады.

Тюрин Никита орта білімді аяқтаған соң, програмист мамандығына оқуға түседі. Бала кезінен компьютер және басқа техника құралдарына қызығушылығының арқасында барлық ақпарат құралдарын жетік меңгеріп алған. Бүгінде білікті маман екенін дәлелдеген ол, взвод және бөлімше командирлеріне қолғабыс етіп жүр. Қарулас достары да Никитаның лидерлік қабілеті басым екенін алға тартып, әскери қызметте озат болып, ефрейтор шенін міндетті түрде мерзімнен тыс алатынына сенімді. Адамгершілік ұстанымды желкен еткен еткен айбынды ұлан өзінен кіші басқа сарбаздарға үлгі болып, ағалық ақылдарын аямайды.

Тюрин Никита Қазақстан жастарын әскери қызметтен сескенбеуге, әскердегі әлімжеттік жайлы стереотипті ойдан алып тастауға және Отан алдындағы борышын міндетті түрде өтеуге шақырады. Әскери өмірдің өзіндік қызықтары бар екенін және өмір бойына есте қалатын достарды сыйлайтын тұсын айрықша атап өтті.

«Отан-отбасынан басталады». Ал,отбасын қорғау әрбір ер азаматтың басты парызы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img