Amanat партиясы алдағы мәділіс пен мәслихатқа ұсынған әр бесінші кандидат – жас буын өкілі. Партия төрағасы Ерлан Қошанов съезд барысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Amanat»-тың партиялық құрамы 75% жаңартылды. Бұл – елдегі бүкіл өкілдік органдарына ұсынылған 4 мыңға жуық адам деген сөз.
Олардың үштен бірі әйелдер. Біздің әрбір бесінші үміткеріміз –жас буын өкілі. Бұл Мемлекет басшысының реформалары мен партия бағытын жүзеге асыруға қабілетті жарқын көшбасшылардың жаңа шоғыры. Біз әлемге бөзгелердің көзімен қарай аламыз», – деді партияның XXV съезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ ол өзінің осы партия сапында тұрғанын мақтан ететінін айтып өтті.
«Біз халыққа жақындай бастадық. Жайлы кабинеттерден шығып, адамдармен зауыттарда, базарларда, аулаларда және ауылдарда ашық сөйлесіп жүрміз.
Біз күн сайын адамдардың проблемалары мен қажеттіліктерімен өмір сүреміз және оларды шешу үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз», – деді ол.
Ескғе салсақ, Amanat Мәжіліс сайлауына 119, ал мәслихатқа 3821 кандидат ұсынды.