spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Әлем жасанды интеллекті қолдануда жаңа деңгейге өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Chat GPT — бар жоғы екі айда Google, TikTok сияқты алпауыттарды басып озған онлайн қызмет түрі. Қазір әлем жұртын тамсандырып отырған чатты пайдаланушылар саны 100 миллионнан асты, деп хабарлайды Хабар арнасы. Кез келген салада, түрлі тақырыпта әңгімелесіп, тіпті ғылыми мақаланы да қас қағым сәтте орындап беретін жасанды интеллектің көмегі көпке тиіп жатқаны аян. Бірақ бұл боттан сескенетіндер де бар.

Сонымен ChatGPT деген не? Бұл — америкалық OpenAI компаниясының жасанды интеллектке негізделген өнімі. Бот интернет кеңістігіндегі орасан зор ақпаратты тез өңдеп, кез-келген сұраққа жауап беріп, тапсырманың шешімін орындап береді. Әсіресе үй жұмысына қиналатын студенттер мен оқушыларға таптырмас құрал. Ғылыми-сараптамалық мақала жазу, күрделі есепті шешу, өлең шығару сияқты қиялыңыз жеткен тапсырманы оңай-ақ орындап береді. «Бірақ мамандар бот ұсынған бүкіл ақпараттарға бірден сенуге болмайды», — дейді.

Кейси Фислер, Технологиялық этика маманы:
-ChatGPT дәл қазір өте көп жалған мәлімет те береді. Ол дереккөздері расталмаған ақпаратты да сізге ұсынуы мүмкін. Сондықтан сақ болу керек.

«Cтуденттерге оны сауатты әрі дұрыс пайдалануды осы бастан үйрету қажет», — дейді сарапшылар.

Грегори Морган, Нью-Джерсидегі Стивенс Технологиялық институтының профессоры:
-Мұғалімдер бұл бот студенттерге үй жұмысын көшіріп, қулыққа баруына оңай жол ашады деп ойлайды. Бірақ мен оның жақсы жағын көремін. Мәселен, күрделі есеп шығарғанда калькуляторға жүгінген сияқты ғой. 

Қайткенмен де нейро желіге қосылған бот білім беру саласына соны өзгеріс әкеледі. Дегенмен жасанды интеллект дамуына көзқарас әрқалай. Сақтықпен қарайтындар да бар.

Эмили, Вашингтон қаласының тұрғыны:
-Шынымды айтсам, жасанды интеллект мені аздап қорқытады. Себебі адамнан ақылы асып, өзі шешім қабылдайтын жағдайға жетуі қауіпті сияқты. 

Бот сізді мазалаған кез келген сұраққа тұщымды жауап бермесе де, жақсы ойлар түйіндеп береді. Көмекші ретінде баяндама жазып, жеке психолог, мотиватор ретінде тілдесе де алады. 

Кейси Фислер, Технологиялық этика маманы:
-Мен шынымен қазір өте бір маңызды кезеңде тұрғанымызды сеземін. Интернет алғаш пайда болғандағыдай, мұның да ықпалы зор болатынына сенемін.

Әлем жасанды интеллекті қолдануда жаңа деңгейге өтті. Сондықтан сарапшылар оны тоқтату мүмкін емес, керісінше қазірден бейімделіп, тиімді пайдалануды үйрену керек дейді.

Автор: Нұрбек Бекен

Фото: almatysite.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img