spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Сайлаудан кейін партиялар арасында ақша қалай бөлінеді? Қаржы министрі жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық партиялардың бюджеттен алатын ақшасы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жақын арада 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша Парламентке барамыз. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының деректері аясында осы бюджетті қайта қарап, партиялар арасында бөлеміз. Заң бойынша бұл қаражатты Парламентке фракция болып енген партиялар алады», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Осы орайда министр жинаған дауыс санына қарай тиісті әдістеме бар екенін және осы дауыстар бойынша қаржыландыру жүргізілетінін айтты.
«Мәселен, 2022 жылы шамамен 8,5 миллиард теңге қарастырылған еді. Оның басым бөлігі Amanat партиясына, 1 миллиард теңгеге жуығы «Ақ жолға», сондай-ақ 800 миллион теңге Қазақстан халық партиясына бөлінді», – деді Жамаубаев.
Парламентте көбірек дауыс жинаған партияға биыл да көбірек ақша бөліне ме деген сұраққа министр: «Иә, дұрыс. Бұл дауыс санына байланысты», – деп жауап берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img