spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Ақмола-Тіршілік» ЖШС ұжымы «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің тәжірибесімен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өңірлік баспасөзді дамыту мәселесіне қатысты өткізген форумда салалық журналистиканы дамыту мақсатында шеберлік сыныптары өткізіліп, Қазақстандық қоғамдық даму базасында журналистердің біліктілігін арттыру көзделіп отырғанын атап өткен болатын. Осыған орай, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-ның директоры Жабал Ерғалиев басшылық ететін ұжым қызметкерлері республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің қызметкерлерімен кездесіп, тәжірибе алмасып қайтты.

Бас басылымның бас редакторы Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің ғасырлық тарихына тоқталып, бүгінде бір шаңырақ астында бірлесе жұмыс істеп отырған шығармашылық ұжымдардың жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Ал, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Сәбит Малдыбайдың айтуынша, қаңтар оқиғасы сияқты күрделі кезеңде мерзімді басылымдар ең сенімді ақпарат көзіне айналды, сондықтан, газет сапасы мен мазмұны үнемі жоғары деңгейде болуы қажет, деген ұстанымын жеткізді.

Республикалық газеттердің редакциясында болған жазушы-драматург, мемлекет  және қоғам қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-ның директоры  Жабал Ерғалиев, «Акмолинская правда» облыстық газетінің бас редакторы Владислава Кокорина, «Арқа ажары» облыстық газетінің жауапты хатшысы Асылай Айжарықова және «Ақмола-Ньюс» ақпараттық порталының тілшісі Камила Әбделманова тәжірибе алмасу барысында «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» редакциясының әр бөлімін аралап, шығармашылық ұжымның жұмыс барысын, газет шығару процесін бақылап, еліміздегі бас басылымдардың күндіз-түні жұмыс үстінде еңбектеніп жүргендеріне куә болды.

Кездесуде Қазақстан баспасөзінің  жағдайына тоқталған Жабал Ерғалиұлы бүгінде журналистика саласына дарынды жастар мен білікті мамандардың көптеп келуі қуантатынын айтты. Жалпы, республикалық газеттермен тәжірибе алмасу журналистердің қаламдарын қарымды етіп, тәжірибелерін шыңдауға мүмкіндік берері сөзсіз. Бүгінде «Арқа ажары» мен «Акмолинская правда» газеттерін бір шаңырақ астында біріктіріп отырған «Ақмола-Тіршілік» серіктестігі де жас мамандарды журналистика саласына тартып келеді.

Тәжірибе алмасу барысында ұққанымыз, интернетте шығатын материалдар газеттердің жағдайын қиындата түсті десек те, алайда, халық баспасөзге әлі күнге дейін сенетіні даусыз. Интернеттен оқыған ақпарат, жаңалықтардың бәрі  олардың есінде қала бермейтіні шындық. Ал, газеттің сөзі салмақты болады. Сондықтан, баспасөз ісін тиімді ету – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Ол туралы өңірлік баспасөзді дамыту мәселесіне қатысты өткізілген форумда да айтылған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img