spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
26.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «АMANAT» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының кезекті конференциясында партияның саяси кеңесінің құрамы өзгеріп, партиялық тізіммен және бір мандатты сайлау округінен қатысатын үміткерлердің тізімі бекітілді, – деп хабарлайды Aqmolanews облыстық партия филиалының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, партияның кезектен тыс съезі XXV съезі 7 ақпанға жоспарланған. Осыған орай елдің барлық аймағында кезектен тыс партия конференциялары жұмысы басталған.

Партия филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімованың төрағалығымен ашылған конференция барысында сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес, кандидаттар тізімі мен саны құрамын сақтау ашық форматта талқыланып, ұсыныстар енгізілді.

Партиялық тізімнің 87,5 пайызы «жаңа тұлғалар» болды. Оның ішінде әйел адамдар – 25 пайыз, 29 жасқа дейінгі жастар 16 пайызды құраған. Жалпы, орта жас 48 жас болды.

«Сайлауға үміткерлер қатарындағы азаматтардың 35 пайызы – қоғам қайраткерлері, 25 пайызы – кәсіпкерлер, 9 пайызы – дәрігерлер, 19 пайызы – мұғалімдер және 12 пайыз әлеуметтік қызметкерлер болды. Тізімге облыстың дамуына зор үлес қосқан әрі қоғамда кеңінен танымал адамдар қосылған.

Кезектен тыс конференцияда «AMANAT» партиясының XXV съезде қатысатын делегаттар тізімі де анықталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика