spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Көкшетауда 630 орындық жаңа көпсалалы облыстық аурухана салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Медициналық мекемені 2025 жылға қарай пайдалануға беру жоспарланып жатыр. Жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов аурухана құрылысының жобасымен танысты. Сондай-ақ, вице-премерге «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлары туралы айтылды, оның шеңберінде 20 мектеп салу жоспарлануда.

Министрлер кабинеті басшысы орынбасарының сапары Ақкөл ауданынан басталды. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу-ел Үкіметі мен жергілікті билік органдары қызметінің басым бағыты. Алтай Көлгінов 2022 жылға дейін «балалар үйі» болған тағдыр тәлкегіне тап болған балаларды қолдау орталығының жұмысымен де танысты. Бүгінде орталықта 73 бала тәрбиеленіп жатыр.

«2018 жылдың қыркүйегінде «АНА ҮЙІ» Қоғамдық Қоры «Ақкөл қаласының №1 балалар үйі» КММ-де «Балажан» жобасының тұсаукесері ұсынылды, ол 3 кезеңге бөлінеді. Бүгінгі таңда трансформация бағдарламасының үшінші, соңғы кезеңі сәтті аяқталуда. Бағдарлама аясында 3 қызмет құрылды, онда әлеуметтік педагог және психолог мамандары жұмыс істейді. Балаларды «үйдегідей» отбасына орналастыруға оңалту және дайындау қызметтері, балғындарға жақсы отбасы табуға жәрдемдесу қызметі және басқарудың басқа да нысандары, жалпы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу қызметтері қарастырылған. Қазіргі уақытта мекемеде 8-9 баладан тұратын отбасылық типтегі 8 эксперименттік топ бар. 3 жыл бойы топтарда тұрақты 3 тәрбиеші көмекшісі, 2 тәрбиеші, тағы екі ересек адам жақыны ретінде қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысында кәсіби қабылдау отбасы пилоттық жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық қызметкерінің кейбірі де кәсіби қабылдаушы отбасы болуға ниет білдірді», – деді орталық басшысы Ботагөз Қазбекова.

Министрлер кабинеті басшысының орынбасары танысқан тағы бір нысан – аудандық аурухана. Бүгінде оның стационарының ғимараты күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Биылғы жылға стационар ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 31,5 миллион теңге бөлінді, ол бойынша қазіргі уақытта жобалау ұйымын айқындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан, сапар барысында Алтай Көлгінов орталық мемлекеттік органдарға күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлуде қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Жаңа модификациядағы ауыл шаруашылығы қызметтері, оларлы жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрлық шешімдер. Мұның бәрі «Eurasia Group» ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету жөніндегі бір сервистік орталықта ұсынылатын қызметтер. Вице-премьер Алтай Көлгінов орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, оның үлкен перспективалары туралы атап өтті. Ол кәсіпорынның техникалық оқу орындарымен өзара іс-қимылына және дуальды оқытуды жүзеге асыруына ерекше назар аударды.

Орталық қызметкерлері атап өткендей, 2021 жылы Агротехникалық колледж бен «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты колледж студенттерінің кәсіптік практикадан дуальды оқыту шеңберінде өтуі. «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдері колледждің индустриялық кеңесінің құрамына кіреді, онда академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады. Яғни, кәсіпорын болашақта өндірісте жұмыс істейтін білікті кадрларды даярлауға тікелей қатысады. Өткен жылы колледждің 4 педагогы орталық базада тағылымдамадан өтті. Қазір колледж студенттері кәсіпорын базасында дуальды оқыту аясында өндірістік практикадан өтіп жатыр.

«Біз студенттерді тәжірибеге қуана қабылдаймыз және олардың біздің мекеме қабырғасында жұмыс істейтініне аса қуаныштымыз. Өткен жылы 24 студент тәжірибеден өтті, сәуір айында тағы келеді. Сондай-ақ бізде студенттер арасында «John Deer» техникасын білуге арналған конкурс өтетін бағдарлама бар. Байқау жеңімпаздары Германиядағы «John Deer» зауытына барады. Онда 10 студенттің қатысуға мүмкіндігі бар. Осы күнге дейін ЖОО мен колледждердің 6 түлегі бізде жұмысқа орналасты», – деп атап өтті «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС филиалының директоры Наталья Ходаковская.

Келешекте колледж базасында ынтымақтастық шеңберінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша студенттерді оқытуға арналған стендтермен және макеттермен жабдықтандырылатын лайт-нұсқадағы оқу сыныбын ашу жоспарланып жатыр.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыты-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Алтай Көлгінов «Гормолзавод» серіктестігіне барды. Бүгінде кәсіпорын шикізатты, яғни сүтті Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жақын маңдағы аудандарының жеке қосалқы шаруашылықтарын біріктіретін мамандандырылған сүт-тауар фермаларынан, шаруа қожалықтарынан және ауыл шаруашылығы кооперативтерінен сатып алады. Нәтижесінде, бұл кәсіпорын айналасындағы шағын шаруашылықтар арасында сүт өндірісін дамытуға жағдай жасап отыр десек артық айтқанымыз болмас. Айта кету керек, көктемгі-жазғы кезеңде үй шаруашылықтарында өндірілетін сүт шикізатын сатылу көлемі барлық сатыдының 50 пайызынан асады. Сондықтан кәсіпорынның қызметі «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Осы тұста вице-премьер бағдарламаға қатысушылармен кездесіп, олардың сұрақтары мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстарын тыңдады.

«Бүгін біз сүт-тауарлық мал шаруашылығымен айналысамыз. Бірақ бізде мал аз. Мемлекет тарапынан несиелеу түріндегі қолдаудың арқасында мен мал басын көбейтуге және кәсіпорынға көбірек шикізат беруге дайынмын. Бұл үшін менде барлық мүмкіндіктер бар», – деді Алма Серғазинова.

Алтай Көлгінов «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары арасында бастамалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру үшін бюджеттен қажетті қаражат бөлінетініне сендірді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев бағдарламаның бастапқы кезеңінде 48 пилоттық ауылдық округ тіркелгенін тілге тиек етті.

«2023 жылға бағдарламаға қатысушыларды несиелеу үшін мемлекет Ақмола облысына 1,2 миллиард теңге бөлді, осы қаражат шеңберінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда жаңа бизнес-жобаларды ашуға және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейтуге 250-ге жуық қарыз беру жоспарлануда. Бұл ретте Кредиттеу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық дерлік бағыттарын қамтиды: ет және сүт мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту, картоп пен көкөніс өсіру. Кейіннен шыққан өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізе отырып, құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысу жеңілдікті несие алудың басымдығы», – деді Ермек Маржықпаев.

Соңғы жылдары облыс орталығында қаланың дамуына тікелей әсер ететін бірқатар жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар пайда болды. Солардың бірі – «Viamedis» клиникалық-оңалту орталығынның жұмысымен Министрлер кабинеті басшысының орынбасары танысып қайтты. Сонымен қатар, Алтай Көлгіновке 2025 жылға дейін салынатын «Сарыарқа» жаңа шағын ауданында салынатын облыстық аурухана жобасы таныстырылды.

«Ellington Properties Development LLC компаниясымен көп салалы аурухана салу және пайдалану» бірлескен жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Жылу желілеріне қосылу, сумен жабдықтауды жобалау үшін техникалық шарттар берілді. Қазіргі уақытта эскиздік жоба келісіліп, медициналық жабдықтар мен медициналық емес бұйымдардың тізімі бекітілді. Жобалау ұйымының өкілдері геологиялық зерттеулер жүргізді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бизнес-жоспар келісілді, қазіргі таңда аталмыш жоба Денсаулық сақтау министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің бекітуінде», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.

Аймаққа тек емханалар мен ауруханалар ғана емес, жаңа мектептер де қажет. Осылайша, 2025 жылға дейін Ақмола облысында «жайлы мектеп» жобасы аясында 20 мектеп салынады. Барлық жоспарланған мектептер мақсатты құрылыс арқылы салынатын болады. Үкімет «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ны іріктеуді жүзеге асыратын бірыңғай ұйым ретінде белгіледі және мердігерлермен шарттар жасасу, жобалау мен салуға, құрылысты мониторингілеу мен бақылауға және мектептерді жергілікті атқарушы органдарға беруге шарттар жасалады. Жалпы, ұлттық жоба бойынша өңірге Ұлттық қордан 152 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.

Алтай Көлгіновтың Ақмола облысына сапары облыстық әкімдікте өткен жиынмен жалғасын тапты. Солтүстік өңірлердегі бірқатар мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары туралы сөз қозғалды.

«Бүгінгі отырыста көптеген мәселелердің шешімдері мен ұсыныстары айтылды. Сол ұсыныстарды ескере отырып, мерзімін бекітіп, жауапты мамандар ерекше қадағалауға алуы қажет. Кейіннен жасалған шаралар бойынша облыс әкімдері министрлік пен мемлекет басшысының алдында есеп беретін болады. Біздегі мақсат бекітілген жоспарларды сапалы орындап, халықтың жағдайын жасау»,- деп қорытындылады сөзін Премьер-Министрдің орынбасары.

Осылайша Алтай Көлгінов өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызы бар проблемаларды шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img