spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Өңірде баламалы электр энергиясы өндірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевжұмыс сапарымен Аршалы ауданының  Бұлақсай ауылындағы «Борей Энерго» ЖШС-нің электр станциясында болып, өңірде«Жасыл» және ресурс үнемдейтін технологияларға қатысты 13 жобаның сегізінің іске асырылғанын атап өтті.

Серіктестікте құны 60 миллиард теңгеге жуық жобаны жүзеге асыру 2022 жылдың сәуірінде басталған. Желтоқсанның өзінде-ақ, электр станциясы энергия өндіре бастады. 30 жел турбинасының қалақтары секундына 2-3 метр жел жылдамдығымен айнала бастайды, ең жоғары энергияны өндіруге 8-10 метр/секунд жетеді.

– Алғашында тұрғындардың біразы қарсы болды, жел қондырғылары зиянды радиация тудырады деген әңгімелер көп тарады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізудің арқасында, ауыл тұрғындарының денсаулығына зияны болмайтынын дәлелдедік. Уақыт өте келе, халық жұмыс тапты, жалақыға көңілдері толды, – дейді Бұлақсай ауылдық округінің әкімі Александр Соколов.

Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор Хью Мэтью жыл басында құрал-жабдықтарды жеткізуде күрделі жағдай болғанын, бірақ, мемлекеттік қолдаудың арқасында ұйымға «жасыл дәліз» берілгенін, компания тез арада құрылыс және электр станциясын уақытында іске қосқанын атап өтті.

Құрылысқа 100-ге жуық адам жұмылдырылған. Қазір кәсіпорында 11 қызметкер бар болса, оның 8-і техникалық қызмет көрсетуші мамандар.

– Жел энергиясы жаңартылады, ең бастысы, электр энергиясы табиғатқа зиянсыз өндіріледі. Жел турбиналарының жоғары өнімділігіолардың басты ерекшелігі болып табылады, яғни, бір сағатта әрбір турбина 5 мың кВт, ал, жалпы 150 МВт-қа дейін энергия өндіреді. Оған шектеу жоқ. Бұл электр энергиясын «Астана-РЭК» АҚ тұтынушыларына жеткізіледі, – деп түсіндіреді аға инженер Чуньфен Фан.

– Ағымдағы жылы жоба одан әрі жалғасын табады. Екінші кезеңде 2023 жылдың қазан айына дейін тағы 11 жел қондырғысы іске қосылады, соның арқасында электр станциясының қуаты үштен бірге артады. Бұл Қазақстандағы мұндай бірлескен жобаның алғашқысы. Оның даму келешегі зор. Тағы бір айтарым, өңірде бизнеске қолайлы жағдай жасалған, – деді Хью Мэтью облыс әкіміне қарата сөйлеген сөзінде.

– Біз өңірдің одан әрі дамуына үлес қосатын жобаларды құптаймыз. Қытаймен халықаралық ынтымақтастық Ақмола облысы үшін үлкен перспективалар ашады. Сондықтан, іске сәттілік тілеймін және сіздерді одан әрі ынтымақтастыққа шақырамын! – деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.

Ақпарат арқа ажары газетінен алынды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img