spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ұлттық ұлан сарбаздары әскери ант қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Күні кеше Қазақстан Республикасының  Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510әскери бөлімінің саптық алаңында осыдан бір ай бұрын ғана еліміздің Қызылорда, Түркістан, Алматы сияқты барлығы сегізаймағынан әскер қатарына шақырылған 200-ден астам жас сарбаз салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сала ардагерлері  мен сарбаздардың ата-аналары қатысып, әскери қызметте жүрген жастарға ақ жол тіледі.

Жас жауынгер сынынан өткен сарбаздар Отанға адал болуға, қалт­қысыз қызмет етуге салтанатты түрде серт берді.Салтанатты жиын еліміздің Әнұранымен ашылды. Ант қабылдау рәсімінде 5510 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы, подполковник Өміржан Сахатов құттықтау сөз сөйлеп, әскери анттың маңыздылығына тоқталып өтті. Ол:

– Жас сарбаздар тәртіпке бағынуға, мемлекеттік және әскери құпияны қатаң сақтауға ант беріп жатыр. Жүктелген міндетті, әскери жарғы талаптарын, командирлер мен басшыларының бұйрықтарын мүлтіксіз орындау олар үшін басты қағида.Енді олардың алдында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, халықты қылмыстық және басқа да заңға қайшы әрекеттерден қорғау міндеті тұр, – дей келіп, жас сарбаздарға жылы лебізін білдірді.

Халыққа, ел Президентіне, сондай-ақ, өзіңе серт беру – тамыры тереңде жат­қан ерекше жауынгерлік рәсім. Қазақ­стан Республикасының әрбір азаматы Қарулы Күштер қатарына қабылданар алдында әскери ант қабылдауы тиіс. Осы бір маңызы зор құқықтық жә­не моральдық-саяси қадам әскери қыз­мет­тің мемлекеттік маңызын, асқан жауапкершілігін аңғартады.

Әскери ант қабылдау рәсімінде ғұмыр жалғасы балаларының өміріндегі елеулі оқиғаға ортақтасып, ақ тілегін арқалап келген ата-аналар қарасы да көп болды.  Солардың бірі түркістандық Сейітқұл Бегманов.

– Әрбір жас жігіт Отан алдындағы борышын өтеуі керек деп есептеймін. Алла қаласа, бір жыл уақыт тез өте шығады. Барлық жас сарбазәскери міндетін ойдағыдай өтеп, еліне аман-есен жетулеріне тілектеспін. Оларды асыға күтіп, ақ тілеуін тілеп отырған ата-аналары, туған-туыстары бар. Әскер –ер азаматты шыңдайды, ертеңгі күні біздің де балаларымыз елімізге адал қызмет ететін азаматтар болсын, –  деп ақжарма тілегін жеткізді ол. Иә, ата-аналар, мемлекетіміз де Отан тыныштығын қорғауда үлкен үміт артып отырған жастарымыз әскер атты шыңдалу мектебінен ойдағыдай өтіп, бәріміздің сенімімізден шыға білсін!

«Арқа ажарының» ақпараты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img