spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
-14.8 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері дүкен ұрлығының бетін ашты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына спорт дүкендерінің бірінің сатушысынан ағымдағы жылдың 21 қаңтарында сағат 17:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта белгісіз адам еркін қол жеткізу жолымен спорттық костюм мен шаңғы қолғаптарын ұрлап кеткені туралы өтініш келіп түсті. Келтірілген залал сомасы 16 мың теңгеден астам соманы құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны киім өлшеп көру кабинасында ұрлыққа қарсы датчиктерді алып тастап, тауарларды киімінің астына жасырып, дүкеннен шығып кеткен. Дүкенде орнатылған қауіпсіздік камераларының жазбасы қаскөйді табуға көмектесті. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: zarya.by

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында нарыққа бақылау күшейтілді: 300-ден астам тексеріс жүргізілді

Ақмола облысында өнім сапасы мен өлшеу құралдарының дұрыстығын қадағалау жұмыстары күшейтілді. Өткен жылғы тексерулердің қорытындысын брифинг барысында Сауда және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика