spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Қоғамдық кеңес: өткен жылдың нәтижесі және жаңа міндеттер

Сондай-ақ...оқыңыз

 2022 жылы Ақмола облысында Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жұмысқа келді. Содан бері нақтылық, ашықтық, адалдық – біздің кеңес мүшелерінің басты ұстанымы болды.

Кеңес жанында  төрт тұрақты комиссия құрылды. Төралқа құрамын бекіттік, оның мүшелеріне ұтқырлығы, жеделдігі, кәсіби сауаттылығы үшін ризашылығымды білдіремін. Қоғамдық кеңестер туралы Ережеге сәйкес ұйымдастыру тәртібін нормативтік тұрғыдан бекіттік, іс жүргізуде жүйелілікті әзірледік, ең бастысы, қаралған нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістерге бастамашылық жасадық. Сонымен қатар, осы жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін келіп түскен тағы 3 ұсынысты әзірлеу сатысында 11 ұсыныс дайындадық.

Қарастырылып отырған нормативтік-құқықтық актілердің көптігібіздің кеңес жұмысының басты бір ерекшелігі болып табылады және заңдар мен кодекстердің өзгеруіне байланысты Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру ережелері туралы осындай көптеген «өтпелі» актілер болды.

Мәселен, Ақмола облыстыққоғамдық кеңесі төралқаның 29-ға жуық отырысын және қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының құрамын әлеуметтік сипаттағы түрлі мәселелерді қараумен өткізді, онда нормативтік-құқықтық актілердің 52 жобасы қаралды. Екі қоғамдық тыңдау өткізілді және мемлекеттік органдар басшыларының 5 есебі тыңдалды, 4 қоғамдық мониторинг жүргізілді. Ақмола облысының қоғамдық кеңесі жеке және заңды тұлғалардың 21 өтінішіне рұқсат берді. Оның  ішінде 11 өтініш қанағаттандырылса, 5-еуінен бас тартылды, 3 өтініш бойынша түсініктемелер берілді және 2 өтініш құзыретіне сәйкес қарау үшін қайта жіберілді, қазіргі уақытта олар қарау сатысында.

Мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау сияқты қоғамдық бақылау нысанына жеке тоқталғым келеді. Қоғамдық кеңес шеңберінде осындай форматты құрудың арқасында азаматтық қоғам өкілдері баяндамалар мен есептерді «бірінші болып» тыңдауға, оларды талқылауға қатысуға, сұрақтар қоюға, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан тікелей жауап алуға мүмкіндік алды.

Ақмола облыстыққоғамдық кеңесі «Көкшетау Жылу» шаруашылық жүргізу меншігіндегі  мемлекеттік мекемесі ретінде стратегиялық маңызды объект кәсіпорындарының тарифтерін қалыптастыру, сондай-ақ, Ақмола облысының тауар өндірушілерін субсидиялау, үй және үйсіз жануарларды зарарсыздандыру, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті ауруларға қарсы егу, МЖӘ мүмкіндігін ветеринариялық клиникалармен қарауға бюджет қаражатын бөлу сияқты проблемалық мәселелерге қоғамдық мониторингті қолданды.

Облыстық қоғамдық кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауары өндірушілерін қолдауға бюджет қаражатынан қосымша субсидиялар мен жануарларды ұстауға қаржы бөлінгенін айта кету керек.

Өткен кезеңде Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің қызметі қанағаттанарлық деп танылды. Жарияланымдар мен апта сайынғы тақырыптардың қорытындысы бойынша Ақмола облысының қоғамдық кеңесі өңірдің белсенділігі бойынша көшбасшылар қатарында болды.

Мәселен, 2022 жылғы 10 қазанда облыстық қоғамдық кеңестің бастамасымен Щучинск қаласында Бурабай аудандыққоғамдық кеңесінің бірлескен көшпелі отырысы өткізілді.Онда экология және қоғамдық мониторинг қорытындылары мен пікір алмасу мәселелері қаралды. Қоғамдық кеңестердің ықпалын күшейту туралы сұрақтар да маңызды, өйткені, қоғамдағы нақты оң өзгерістер азаматтық қоғамның барлық өкілдерінің кеңестердің құрамындағы қызмет нәтижелеріне де байланысты болып келеді.

Ендігі ретте, Ақмола облысының облыстық маңызы бар қоғамдық кеңесі және оған облыс кеңесі ретінде жүктелген жүктеме әлдеқайда көп екенін атап өткім келеді. Елімізде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы қоғамдық кеңесті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мен мониторинг жүргізу процесіне тартуды көздейді. Осыған байланысты соңғы екі айда Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жұмыс ерекше жандана түсті, осының дәлелі ретінде ұсыным беріле отырып, екі бірлескен отырыс өткізілді.

Қазақстан Республикасындағықоғамдық кеңестердің жаңа моделін құруға және функционалдығын нығайтуға да назар аударғым келеді.

Қоғамдық кеңес өзінің қалыптасуы кезінде, ең алдымен, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары мәселелерін, яғни, өткір әлеуметтік мәселелерден бастап тарифтер, тамақ өнімдері және тағы басқа баға саясатына қатысты мәселелерді қарастыру үшін «негізгі» және жекелеген кейстерді қалыптастыратын үкіметтік емес ұйымдарға бағдарланады.

Қоғамдық кеңес құрамында  70 пайыздан астамы азаматтық қоғам өкілдері бар.Осылайша, мемлекеттік органдардың реформалары мен бастамаларын заңнамалық деңгейде талқылау, мониторинг қорытындыларын бекіту және өткен 2022 жылдағы Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің отырыстарын тұрақты өткізу арқылы қоғамдық кеңестердің функционалдығын күшейту міндеті мен шарттары бұлжытпай сақталды.

Ақмола облысының қоғамдық кеңестері диалог алаңдарында әзірленген ұсынымдарды қарауға, сондай-ақ, барлықмемлекеттік ұлттық жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық меморандумдарын жасасуға дайын. Алдағы уақытта да ел мүддесі жолында аянбай еңбек ете бермекпіз.

      Ермек НҰҒЫМАНОВ,
Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img