spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
15.2 C
Kokshetau

Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау туралы» конституциялық заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң Орталық сайлау комиссиясының шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленеді. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда кандидатқа қайтарылады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында.
Айта кетейік, елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып белгіленген. Осылайша, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңгені құрайды.
«Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы ең төменгі 5 жалақыны (350 мың теңге) құрайды. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылар даусының кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады», – деді А. Смағұлов.
Еске сала кетсек, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.
18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау күні.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика