spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»
облыстық конкурсын өткізу қағидалары

Сондай-ақ...оқыңыз
  1. Жалпы ережелер
  2. Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған.
  3. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді және орыс тілді басылымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
  4. Конкурс үш номинациядан тұрады:
    1) «Үздік мақала»;
    2) «Үздік телебағдарлама»;
    3) «Үздік ақпараттық агенттік мақаласы» (электронды БАҚ).
  5. Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.
  6. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
  7. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
  8. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылғы І тоқсанның соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.
  9. Конкурсқа қатысу үшін осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген үш номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Басқармаға 2023 жылғы 4 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:
    1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
    2) 2022 жылғы 1 мамыр мен 2023 жылғы 1 мамыр аралығында мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдарды, соның ішінде сайттарда, телебағдарламаларда және газеттерде жарияланған материалдарды;
    3) мақала жарияланған газеттер, сайттардың және әлеуметтік желілердің скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;
  10. Конкурс қағидасының 7-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
  11. Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
  12. Қорытынды ережелер
  13. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі 2023 жылғы 26 мамыр күні салтанатты түрде өткізіледі. Аталмыш конкурстың өткізілетін орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
  14. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
    Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1-Б үй, 353 кабинет.
    Байланыс телефоны: 8 (7162) 40-14-20

«БЕКІТЕМІН»
Ақмола облысы ішкі саясат
басқармасының басшысы
__ А.Алин
_____2023 жыл

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img