spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
26.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барып, шаруашылыққа заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы Aqmolanews Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Құс фабрикасында өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірлерінде сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне экспортталады.

Цехтың қуаты жылына 260 миллион дана жұмыртқа және 500 тоннадан астам ет өнімдерін өндіруге жетеді. Былтыр 517 тонна ет және 199,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Өндірістік қуаты сағатына 120 мыңнан астам жұмыртқа шығаруға жететін сұрыптау, өлшеу және маркерлеу цехындағы Nabel технологиясы көрсетілді.

Өндірістің автоматтандырылуы 8 сағатта миллионға дейін жұмыртқа тасымалдауға және орауға мүмкіндік береді.

Президентке облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ақ ауыл шаруашылығы саласындағы перспективті жобалармен танысты.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейін, ең алдымен ауыл мен ауылдық аумақтарды дамыту туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен ауылдарды дамытуға 1 триллион теңге бөлінетінін жеткізді. Оның пікірінше, Үкімет пен әкімдіктер бұл қаржыны өңір тұрғындарына барынша тиімді болатындай жұмсауы керек.

Фото: akorda.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әскери рәміздердің жауынргерлік рухты арттырудағы рөлі

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика