spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

«Ауыл» партиясының төрағасы Мәжіліс сайлауына байланысты мәлімдеме жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін таратып, 19 наурызға Палата депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады. Осыған байланысты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aqmolanews партия сайтына сілтеме жасап.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өз қатарына тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтардың көпшілігін біріктіреді. Біздің қатарымызда аграрлы сектор, білім және медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бар. Қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылда тұрады.

Ауылды, ауылды аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі. Бұл – біздің партияның бастапқы және өзгермейтін саяси бағыты. Сондықтан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды.

Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше ынталандырады. Себебі, біздің өзіміздің саяси платформамыз бар. «Ауыл» партиясының ауыл және ауылды аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар.

Сондықтан, біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз», – деді партия төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img