spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
14.9 C
Kokshetau

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына үміткерлерді ұсыну бүгіннен басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

«Дауыс беруді аяқтаудың өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды. Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлаудың жалпы ұзақтығы – тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 59 күн болады», – деді ОСК төрағасының орынбасары.

Бұған дейін Константин Петров қандай ұйымдар кандидаттар ұсына алатынын, кандидатқа қандай талаптар қойылатынын түсіндірген еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика