spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңес өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды «Aqmolanews» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси  өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.

– Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Конституцияның 63-ші және 86-шы баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Кездесу соңында Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.  

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img