spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.9 C
Kokshetau

Ақмолада қызметтік ит алтын бұйымдар ұрлығының бетін ашуға көмектесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада қызметтік ит алтын бұйымдар ұрлығының бетін ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 15 қаңтарда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 48 жастағы жергілікті тұрғын 14-15 қаңтар аралығында үйден белгісіз адам алтын бұйымдарды: неке сақинасы мен әйелдер білезігін ұрлады деген өтінішпен жүгінді. Келтірілген залал сомасы 70 мың теңгені құрады.

Өтініш берушінің айтуынша, ол бір күн бұрын үйге су ішуді өтінген әйелді кіргізген. Алкоголь өнімдерін бірге ішкеннен кейін өтініш беруші ұйықтап кеткен, ал оянғанда зергерлік бұйымдардың жоғалғанын анықтап, полицияға хабарлады. Күдікті “ізі суымай” табылды.

Оқиға орнына құрамында Саят Кенесары кинологы мен Джесси лақап есімді қызметтік-іздестіру иті бар жедел-тергеу тобы жіберілді. Ізді сенімді түрде алған Джесси тәртіп сақшыларын ұрлық жасағаннан кейін қаскүнем барған көрші подъездегі пәтерлердің біріне алып келді. Ол бұрын сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img