2022 жылы Ақмола облысының экономикасына 560 миллиард теңгеден астам қаражат инвестицияланды. Осылайша, инвестиция көлемі 4,3% – ға өсті. Тек өңдеу өнеркәсібіне 130 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен экономикаға инвестициялар мен капитал салу мәселелері талқыланды.
Өткен жылы Ақмола облысы индустриалды-өнеркәсіптік саланың қарқынды дамуына қол жеткізді. Жеке инвестициялардың арқасында 230 миллиард теңгеге 163 жоба іске асырылды. Бұл 3,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Ең ірі жобалар Бурабай, Аршалы және Шортанды аудандарында құрылыс және тау-кен өңдеу салаларында іске асырылды. Көшбасшылар қатарында Зеренді және Бұланды аудандары да бар. Инвестициялардың ең аз үлесі Қосшы қаласы, Целиноград, Қорғалжын, Жарқайың және Жақсы аудандарына тиесілі болды. Ондағы көптеген инвестициялық жобалар орындалмай қалған.
-2022 жылдың қорытындысы бойынша жекелеген өңірлердің жобаларды іске қосу бойынша міндеттемелерін орындамағаны аңғарылады. Мәселен, жыл басында қалыптасқан кестедегі бірқатар жобалар орындлмаған. 2022 жылдың желтоқсан айындағы қорытындыға сенсек 260 миллиард теңге бөлінген 192 жоба жоспарланған. Бірақ ол толығымен іске аспай 230 миллиард теңгеге 163 жоба іске асқан. Төмендеу көрсеткіші ең көп жобалар: Целиноград ауданында – 12, Аршалы ауданында – 7, Қосшы қаласында – 4, Сандықтау ауданы мен Көкшетау қаласында – 3 жоба бойынша байқалған. Ал инвестиция сомасы бойынша Зеренді ауданында, Көкшетау және Қосшы қалаларында ең көп төмендеу орын алған. Яғни, іске асырылмаған жобалардың нақты саны одан да көп. Аймақ әкімдіктерінің уақытылы іске асыру бойынша жүйелі жұмысы жүргізілмейді, осы немесе өзге объектіні іске қоспау туралы жыл соңына дейін фактілерге сүйене отырап білетін боламыз,- деп түсіндірді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспанов.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев инвестиция көлемінің төмендеуіне жол берген аудан мен қала әкімдерінің жұмысын сынға алды. Ол 2023 жылы инвестицияларды тарту және бірінші тоқсанның көрсеткіштерін орындау бойынша жұмысты бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
-2023 жылдың 1-ші тоқсанында оң динамиканы қамтамасыз ету үшін қаңтар айында біз кем дегенде 45 миллиард теңге инвестицияны қамтамасыз етуіміз керек. Өңірлер ұсынған деректерді талдау қорытындысы бойынша инвестициялардың күтілетін сомасы 53,2 миллиард теңгені құрап отыр. Өңірлер қаңтар айында слайдта ұсынылған инвестициялардың мәлімделген көлемін толық қамтамасыз етуі қажет. Бірінші кезекте Көкшетау, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Сандықтау аудандарында ең көп көлем бар, – деп атап өтті облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Бүгінгі таңда 2023 жылға арналған жобалардың тізбесі қалыптастырылды. Жалпы көлемі 266,3 млрд. теңге сомасына 164 жоба енгізілді. 2023 жылы іске қосуға жоспарланған жобалардың құны бойынша көшбасшылар Аршалы, Целиноград, Ерейментау және Бұланды аудандары.
2023 жылы инвестициялардың негізгі үлесі жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Ең ірі жобалар «Burabai Biogas & Fertilizers Factory» ЖШС Органикалық тыңайтқыштар өндіретін интеграцияланған зауыты бар қуаты сағатына 5 мегаватт биогаз зауыты, «Borey Energo» ЖШС жел электр станциясы және «QAZAQ DIAMONDS Ltd» ЧК техникалық алмаз концентратын шығаратын зауыт болады. Сондай-ақ, биыл «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» облыс орталығының құраушы кәсіпорны да өз өндірісін кеңейтеді.
«Жоспарланған инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру, инвестицияларды тарту бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Биыл біз әр ауданның әлеуетін, шикізат базасының жақсартып, бос жер учаскелері мен алаңдардың болуын, ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жаңа инвесторларды тарту бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, – деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.
Камила Әбделманова