spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Азаматтарға кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсету қалай жүзеге асырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
Сондай-ақ, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.

                               Қазақстан Республикасының Конституциясы. 13-бап

Қазақстанның құқықтық негізі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заңгерлік көмек алу үшін әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығына кепілдік береді, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін әлемдік аренада ұсыну және қорғауға мүмкіндік береді.
Азаматтарымызға білікті заң көмегін көрсетуде адвокаттық бағытталған нотариаттық, жеке сот орындаушылары, сот сарапшылары, заң кеңесшілері институты өте маңызды.
Конституциясымызда көрсетілгендей әрбір азаматтың құқығының қорғалуына кепілдік берілген. Өкінішке орай, әр түрлі жағдайларға байланысты барлық азаматтар ақылы заңгерлік кеңес немесе адвокаттық қызмет ала алмайды, сондықтан әлемдік тәжірибеде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың әр түрлі нысандары бар. Мұндай жағдайларда азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетіледі.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер барысында ұсынылады. Ол оны алуға құқығы бар жеке тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.
Азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – заң көмегінің бірден бір нысандары болып табылады.
Алғаш рет Қазақстан Республикасында кешенді әлеуметтік заң көмегі институты 2018 жылы енгізілді.
Америка және Еуропа елдерінде бұл институт ұзақ уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді және қоғамдық игілік, халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға заңгерлік көмек көрсету тұжырымдамасымен байланысты.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабыда көрсетілген тұлғаларға, азамат заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі төмендегі келесі азаматтарға көрсетіледі:
-«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;
– атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;

  • Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • жасына байланысты зейнеткерлерге;
  • қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
  • мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін. Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
    • Мемлекет кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен ынталандырады.
      Сондай-ақ, кешенді әлеуметтік заң көмегі ерікті негізде жүзеге асырылатынын және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейтінін атап өткен жөн.
      Кешенді әлеуметтік заң көмегін енгізу азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін нығайтуға, халықтың құқықтық жауапкершілігі мен заң сауаттылығын арттыруға көмектесетін біздің азаматтарды әлеуметтік қолдау әдісі болып табылады.
      Қазіргі уақытта мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету керек.
      Бұл ретте, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету құралдарының бірі өтеусіз негізде көрсетілетін кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.
      Кешенді әлеуметтік заң көмегін енгізу – pro bono, сөзсіз, еліміздің азаматтарын әлеуметтік қолдаудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Құқықты түсіндіру және
халыққа заң көмегін көрсету
бөлімі басшысының бас маманы
Тоты Қапарызы Берлібекова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img