spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Заңды жақсы білген тұтынушы алданбайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әр тұтынушы сапалы тауар алып,  қызмет  көрсету деңгейінің жоғары болуына үмітті.  Алайда, алаяқтар көбейген біздің заманда бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Бұл ретте кәсіпкерлер ақшаны өз еркімен қайтаруға немесе тауарды ауыстыруға келісе бермейтіні мәлім. Нәтижесінде біздің азаматтар құзыретті органдардың көмегіне жүгінуге  мәжбүр.

Мәселен, өткен 2022 жылы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 960 өтініш келіп түскен, бұл 2021 жылға қарағанда 2 есе көп,-деді Светлана Занегина өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте.

-Тұтынушылар көбіне шағын бизнес санатындағы сауда саласында құқықтарының бұзылғанын мәлімдеді. Бұл жалпы көрсеткіштің 58,1%-ын құрайды.  Департамент қызметкерлерінің аздығына қарамастан, бүкіл аймаққа бар болғаны 2 адам, бірде-бір шағымды назардан тыс қалдырмаймыз. Мысалы, 960 шағымның  675-і қанағаттандырылды , 261 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, нәтижесінде тұтынушыларға 32 млн.теңге қайтарылды, ал 128 тұтынушы сауатты жасалған шағымның көмегімен сапасыз тауарды айырбастау мүмкіндігіне ие болды,- деп толықтырды Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Светлана Занегина.

Бақылау-қадағалау функциялары шеңберінде 10 бизнес субъектісіне жоспардан тыс 12 рет тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық субъектіге ұйғарымдар енгізіліп, әкімшілік жазалар қолданылды: 11 – «ескерту» түрінде және 1-айыппұл салынған. Бұлар: тұтынушылардың шағымына жауап беру мерзімдерін бұзғаны және сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде тауарды қайтарудан бас тартқаны үшін бекітілген жаза түрлері.

-Бұл тұста басты проблемалардың бірі – халықтың  тұтынушылық сауаттылығының төмендігі, оның ішінде өз құқықтары туралы білмеу. Көп  адам заңдарды қол жетімді тілде түсіндіру үшін біздің көмекке жүгініп жатады,- деп толықтырды спикер.

Департамент өткен жылы ақпараттық-түсіндіру сипатындағы 331 шара өткізген. Тұтынушыларға ыңғайлы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде Департаменттің өз аккаунттары да  бар. Онда тұтынушылық дауларды шешу мысалдарын келтіре отырып, 2273 түсіндірме сипаттағы материал жарияланған.

Кез-келген даулы жағдайда бизнес субъектісіне тұтынушылық дау туындағаны туралы жазбаша талап қою керек деп толықтырды сөзін маман.

-Мәселен, 2022 жылы 55 тұтынушы тиісті емес сападағы тауарлар үшін wildberries интернет-дүкенінен қаражатын қайтаруға жәрдемдесу туралы өтініш жасады. Департаменттің интернет-дүкен өкілдерімен жүргізген жұмысының нәтижесінде барлық тұтынушыға жалпы сомасы 1407,2 мың теңге ақша қайтарылды,- дейді Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Светлана Занегина.

Департамен үнемі халыққа көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екенін де айтты. Сөзінің соныңда спикер халықты барынша абай болуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img