spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
19.2 C
Kokshetau

Талғат Жүнісов алдын ала қорытынды бойынша Ақмола облысынан Сенат депутаты болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау аяқталды. Талғат Жүнісов ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш адам үміткер болған. Сайлау Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» сарайы ғимаратында өтті. Онда өңірдегі әр деңгейдегі мәслихаттардың 233 депутатының 219-ы немесе 94 пайызы дауыс берді, 14 түрлі себептермен дауы беруге қатыса алмады.

«Таңертең дауыс беруге арналған жәшікті пломбалау рәсімдері өткізілді, жиналыста депутаттарға дауыс беру тәртібі түсіндірілді. Сайлау заң аясында өткізілді. Қазіргі кезде, таңдау жасау аяқталды. Алдын ала қорытынды бойынша Талғат Жүнісов ең көп дауыс (199) жинады. Сондай-ақ, А.Балташева 7 дауыс, А.Сабитова 6 дауыс жинады. Ал 7 адам бәріне қарсы дауыс берді. Бұдан бөлек, 17 бюллетень пайдаланылмады», -деді Ақмола облысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img