spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
1.3 C
Kokshetau

Құтқарушылар Ақмола облысында жоғалған ер адамды екі күн бойы іздеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық құтқарушылар жылқыларын іздеуге шығып, жоғалып кеткен 43 жастағы ер адамды екі күн бойы іздестірді, – деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жоғалған ер адамды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінен 25 адам мен бір бірлік техника, аудандық полиция бөлімінен 10 адам және үш бірлік техника, Lider.kz тобының жеті еріктілері мен екі бірлік техника, «Айғабақ» ЖШС екі қызметкері мен бір бірлік техника мен Алқатерек ауылының бір жергілікті тұрғыны жұмылдырылған. Сағат 22-20-да іздестіру тобы ер адамды Солтүстік Қазақстан облысының Алқатерек ауылынан 25 шақырым жерден тапты. Ер адам медициналық көмекті қажет етпеген.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 11 қаңтарында сағат 13:00 шамасында 1980 ж.т. ер азамат Бурабай ауданы Наурызбай батыр ауылынан Солтүстік Қазақстан облысы Алқатерек ауылына қарай жылқы іздеп шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Іздестіру жұмыстары ауа райы жағдайларына – қарлы боран, кей жерлерде көру мүмкіндігі шектеулі болғандығына байланысты қиындай түскен болатын.
Ақмола облысының ТЖД осындай төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалып, туыстарыңызға және жақындарыңызға геолокацияңызды айтып отыру қажеттігін еске салады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика