spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Сенат сайлауйына 55 үміткер тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс беру күніне дайындық мәселесі бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа БКБ режимінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты.

ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров отырысты аша отырып, ағымдағы жылдың 13 қаңтарында сағат 00:00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жұмыстары аяқталатынын хабарлады. Осылайша, күнтізбелік жоспарға сәйкес дауыс беру күнін ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық сайлауалды іс-шаралар аяқталады.

Осыған байланысты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындық туралы ақпараты тыңдалды.

Сайлау комиссияларының ұсынылған деректеріне сәйкес сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілді (тіркелгеннен кейін 11 кандидат кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді).

Алматы қаласында 4 кандидат, 6 өңірде: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2 кандидаттан. Қалған өңірлерде және Астана, Шымкент қалаларында – 3 кандидаттан.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 3168 депутаты енгізілген. Түркістан облысында ең көп саны – 317 және Қостанай облысында – 263, ал ең азы Астана – 31, Шымкент – 30 және Алматы қалаларында – 38.

Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екені туралы хабардар етті.

Нұрлан Әбдіров аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру күні учаскелерде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу бойынша шаралар қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруді өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануға тиіс екенін атап көрсетті.

Бұдан басқа, сайлау күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы сайлаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервистері жұмыс істейтін болады, бұл сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img