spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-2.7 C
Kokshetau

«Көкшетау нан зауыты» 1 қаңтардан бастап жұмысын тоқтатқан

Сондай-ақ...оқыңыз

Қымбатшылық етек жайған шақта әлеуметтік тауарлардың да бағасы күрт қымбаттады. Ас атасы-нанның да құны шарықтап халық базынасының себебіне айналды. Осы орайда көкшетаулықтар үшін тағы бір жағымсыздау жаңалықтың бірі «Көкшетау нан зауыты» кәсіпорнының жұмысын тоқтатуы. Бірінші қаңтардан бастап, зауыт жұмысын мүлде тоқтатты. Мәселенің түпкі төркіні мен себептерін «AqmolaNews» сайтынан оқи отырыңыз.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының статистикалық деректеріне сенсек, «Көкшетау нан зауыты» бүгінгі күнге дейін көкшелік жұрттың 10 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Зауыт сонау кеңес заманында, 1952 жылы пайдалануға берілді. Халыққа ондаған нан мен тоқаш өнімдерін ұсынатын зауыттың жабылуы жұртшылықты аң-таң қылғаны рас. Жаңа жыл мейрамынан кейін нанның тапшы бола бастағанын тұрғындар да айтып жүр.

– Қала дүкендерінде нан сөрелерінің босай аңғардық. Күндізгі уақытта қажетті мөлшердегі нанды алып қоймасаң, кешкі төрт-бестерде нан болмай да қалады. Тіпті, «Орталық базар» сынды  ірі сауда орындарында да нан болмай қалады. Кейде күндізгі уақыттың өзінде нан таппайтын болдық. Кеңес заманынан көкшеліктердің сүйіп жейтін нан өнімдерін шығаратын «Көкшетау нан зауыты» жабылғаны өкінішті әрине, – дейді қала тұрғыны Дариға Бекмұратова.

Ең өкініштісі,  зауыттың жабылуына байланысты ондаған өнеркәсіп қызметкері жұмыссыз қалмақ. Жұмысшыларға алдын ала зауыттың жабылатыны туралы хабарландыру таратылған. Алайда халықты нанмен қамтып отырған зауыттың не себептен жабылатынын зауыт басшылығы жұмысшыларына түсіндірмеген. Жағдайды алдымен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшылығынан анықтамақ болып, осы салаға жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасары – Александр Загребинмен тілдестік.

– «Көкшетау нан зауытының» жабылып жатқанын естідім. Бірақ не себепті жабылып жатқанын, оның құрылтайшылары кім екенінен хабарым жоқ. Бар жағдайды басқарма басшысының өз аузынан ғана біле аласыз, – дейді Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин.

Зауыттың жабылу себебін анықтамақ болған сауалымызға директор бір-екі ауыз сөзбен ғана жауап берді.

–Иә, зауыт жабылған. Зауытты ұстау тиімсіз болды. Сосын жабылды, – деген «Көкшетау нан зауыты» кәсіпорнының директоры Әнуарбек Омаров.

Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысының жауабына сенсек.

– Көкшетау қаласында нан өнімдерін шығаратын «Көкшетау нан зауыты» кәсіпорны құрылтайшылардың шешімімен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жабылды. Қысқартуға ұшыраған жұмысшылардың саны – 59 адам. Жұмысшылар зауыттың жабылып, қысқартылатыны туралы өткен жылдың 1 желтоқсанында хабарландыру алған. Өкінішке орай, зауыттың құрылтайшыларының кім екенін білмейміз. Біз тек зауыттың директорын ғана білеміз. Заңға сәйкес қысқартуға ілінген қызметкерлерге тиесілі барлық төлемдер төленген. Зауытта жұмыс істеген көптеген жұмысшылар тәжірибелі мамандар. Сондықтан олар әрқашан еңбек нарығында өз орнын тауып алатыны сөзсіз. Қазіргі таңда қысқартылуға байланысты зауыттың бұрынғы жұмысшыларынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Қалада бұдан да басқа нан зауыттары бар ғой. Сауда орындарында нан және басқа да нан өнімдері жетерлік, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм бас­қармасының басшысы Ербол Оспанов.

Басқарма ұсынған деректерге сүйенсек, жекеменшік зауыт басшылығына мемлекет тарапынан қаржылай қолдау да ұсынылыпты. Тіпті, зауыттың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бағаны тұрақтандыру тетігі шеңберінде айналымдағы қаражатты толтыру үшін жеңілдік шартымен қарызға қомақты сома да ұсынылған. Зауыт басшылығы бұл ұсынысты қабылдап өз қызметін қайта бейімдеу жағын қарастырып көрмек.

Камила Әбделманова

Фото: voxpopuli.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img