spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
11.3 C
Kokshetau

Өңірде  2700-ге жуық оқушы қысқы ҰБТ-ға қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі уақытта ұлттық біріңғай тестілеу жылына 4 рет өтеді. Қысқы тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін болады.  Қысқы ҰБТ-ға  мектептің 11 (12) сынып оқушылары, ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттері (шартты түрде қабылданған), ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары  тобының студенттері және басқа БББ тобына ауысуға ниет білдірген студенттер қатыса алады. Өтініштерді қабылдау ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде  жүзеге асырылады.

Биыл тестілеу форматына азды-көпті өзгерістер еңгізілді. Оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық пәндері бойынша 15 тапсырма, Қазақстан тарихынан 20 сұрақ, екі бейіндік пәндер бойынша 35 сұрақтан 70 сұрақ келеді. Барлығы 120 сұрақтан шекті балл 140.

ҰБТ тапсырушы түлектің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат  немесе 16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тестіленушілердің білім беру ұйымының бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған білім беру ұйымынан анықтамасы және туу туралы куәлігі болуы тиіс.  Тестіленуші жеке куәлігін ұмытқан жағдайда  eGov mobile қосымшасынан жүктелген электронды куәлікті ұсына алады.

Көкшетау қаласындағы ұлттық тестілеу орталығының филиалы берген ақпаратқа сүйенсек, жалпы Ақмола облысы бойынша осы жылдың алғашқы білім сынағына  Көкшетау қаласынан 2218 окушы, Атбасар қаласының пунктіне 464 түлек өтінім қалдырған.

Қосымша ақпаратты http://testcenter.kz сайтынан алуға болады.

Камила Әбделманова

Фото: kazbilim.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика