spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Өңірде жұмыссыздық көрсеткіші азайып келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында халық арасында кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға ба­ғыт­талған, сонымен қатар халықты жұмыс­пен қамту мақсатында іске қосылған мем­ле­кеттік бағдарламалар мен ұлттық жоба­лардың жүзеге асырылуына баса назар аударылып келеді. Жүргізілген шаралар нәтижесінде облыста 10 мыңға жуық ақмолалық тұрақты жұмыспен қамтылған.

Екі қолға бір күрек таппаған жұмыссыздарды азайту және халықты жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар барлық мүмкіндікті қарастыруда. Тиісті орган маман­дарының мәліметінше, жыл соңына дейін 17 мыңға дейін жұмыс орнын, оның ішінде 10 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама­ларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, 16 мыңнан астам жұмыс орнының ішінде 4 мың­нан астамы ұлттық жобалар шеңберінде пайда бол­ған. Ведомствоның есебінше, 8 378 адам бос жұмыс орындарына орналасса, 3,5 мыңнан астам облыс тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

Ұлттық жобалар өңірдегі жұмыссыздықтың са­нын да біршама азайтуға ықпал еткен. Мәселен «Еңбек» бағдарламасына сәйкес 83 адам жұмыспен қамтылып қана қоймай, өз кәсібін де ашып үлгерген. Басқарма аталған бағдарламалар бойынша нақты сандарды да алға тартты. Мәселен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 358 адам жұмысқа орналасса, «Жасыл Қазақстан» жобасымен 1 096, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасымен 2 мыңнан астам, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасымен 63, «Қазақстандық­тардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасымен 256 адам жұмысқа орналасқан.

Бағдарламалар шеңберінде нарықта қажетті мамандықтарды игеруге бағытталған қысқамерзімді оқытулар да жүзеге асырылуда. Олар 6 ай ішінде қажетті мамандыққа оқып, осы уақыт ішінде шәкірт­ақы да алып отырады. Ал оқытудан өткендерді бірден жұмысқа орналасуына кепілдік берілген. Биылғы жоспар бойынша 500 ақмолалық қысқа- мерзімді оқу курсынан өткізу жоспарланыпты.

Өңірде бүгінде мұнымен қоса 3 275 адам суб­сидияланатын жұмыс орындарына орналасқан. Оның ішінде 2 мыңнан астам адам қоғамдық жұ­мыстарға тартылса, жастар тәжірибесімен 537 жоғары оқу орындары мен колледж студенттері жұмысқа кірген.

Камила Әбделманова

Фото: inform.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img