Ел аумағында көптеген шетелдіктер тұратыны мәлім. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша қазір Қазақстан аумағында 15 527 шетел азаматы еңбек етіп жүр. Осыған байланысты жұмыс берушілерде де, қызметкерлерде де көптеген мәселелер туындап жатады. Шетелдіктердің еңбек қатынастары саласында қандай құқықтары бар және бұл құқықтардың Қазақстан азаматтарынан айырмашылығы неде? Шетелдіктердің еңбек қатынастары саласында қандай құқықтары бар? Осы сұрақтардың жауабын AqmolaNews тілшісі іздеп көрді.
ҚР «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңының 3-бабына сәйкес шетелдіктердің барлық құқықтары сақталынады. Сондай-ақ Қазақстан Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңның 6-бабында шетелдіктердің еңбек құқығы көрсетілген.
Шетелдіктер Қазақстанда еңбек қызметін ҚР заңнамасында және халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыра алады. Аталған бапта шетелдік қызметкерлердің демалу құқығы да қарастырылған. Шетелдіктердің Қазақстан азаматтарымен ортақ негізде демалуға құқығы бар.
Мерзімі шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат негізінде жұмыс істейтін шетелдікпен жасалған еңбек шарты туралы не білеміз? «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыра алады. Еңбек шартының қолданылу мерзіміне ұзарту құқығы 3 ай, бірақ 3 жылдан аспауы тиіс.
Жұмысқа қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттар бар. Жұмысқа қабылдау кезінде талап етілетін құжаттардың әдеттегі тізімінен басқа шетелдік жұмысшылар үшін заңмен қосымша талаптар белгіленген.
Камила Әбделманова
Фото: egov.kz