Бір жыл ішінде қазақстандықтардың табысы артты. Оның ішінде табыстың 76% еңбекке жарамды жандарға тиесілі, деп хабарлайды AqmolaNews Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық.
Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. Астаналықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге жалақы алады.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.
Екінші орында Қарағанды облысы – 332,3 мың теңге, демек 21,4% өсім бар.
Көшбасшылардың үштігін ШҚО түйіндеп тұр. Аталған өңірде жалақы 312,7 мың теңге, жылдық өсім – 31,8%.
Ең аз табыс Түркістан облысында байқалып отыр. Жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге.
Бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,6%-ға жоғары, алайда еліміз бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.
Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен алды – 180,4 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.
Оның ішінде 157,2 мың теңге – жалдамалы жұмыстан түскен табыс.
Сонымен қатар дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс – 23,2 мың теңге.
Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Оның ішінде 44,8 мың теңге зейнетақы, 9,1 мың теңге жәрдемақы, 1 мың теңге стипендия, 239 теңге АӘК (атаулы әлеметтік көмек) және тұрғын үй көмегін құрады.
Одан бөлек, елімізде туыстары мен таныстарынан материалдық көмек және алимент 6,2%-ға, яғни 5,5 мың теңгеге дейін өсті.