spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
19.3 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері пәтер ұрысын ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqmola-politsejleri-pater-urysyn-ustady/

Ақмола полицейлері өңірде пәтер ұрлығымен айналысқан Қостанай облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды «AqmolaNews» Polisia.kz сілтеме жасап.

Целиноград АПБ-ға Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны жүгініп, 30 желтоқсанда белгісіз біреудің пластикалық терезені қысып ашу арқылы үйге кіріп, оған тиесілі жеке мүлікті: “Lenovo” маркалы ноутбукты, “ЖетіҚазына” коллекциялық монеталар жинағын ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 390 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Целиноград АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қостанай облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары ұсталған адамның 21 желтоқсанда Қоянды ауылында жасалған жалпы сомасы 1.5 млн теңгеге пәтер ұрлығының тағы бір эпизодына қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленіп, қылмыстық тергеу материалдарына қоса тіркелді. Полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Фото: Polisia.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика