spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-2.8 C
Kokshetau

Журналист Тоқберген Әбиев кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған – Антикор

Сондай-ақ...оқыңыз

Журналист Тоқберген Әбиев Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

«Өткен жылы 14 желтоқсанда Тоқберген Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды. Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті», – делінген Антикор хабарламасында.

Агенттіктің хабарлауынша, Әбиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды. Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес.

Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

Еске салсақ, 2013 жылы журналист Тоқберген Әбиев қоғам мен биліктің назарын аударту үшін өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған еді. Кейін «Әділ сөз» қоры өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған Т.Әбиевті «қара тізімге» енгізді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img