spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Бір жылда қазақстандықтардың табысы 17 пайызға ұлғайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың табысы артты. Оның ішінде табыстың 76% еңбекке жарамды жандарға тиесілі, деп хабарлайды AqmolaNews Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық.

Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. Астаналықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге жалақы алады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Екінші орында Қарағанды облысы – 332,3 мың теңге, демек 21,4% өсім бар.

Көшбасшылардың үштігін ШҚО түйіндеп тұр. Аталған өңірде жалақы 312,7 мың теңге, жылдық өсім – 31,8%.

Ең аз табыс Түркістан облысында байқалып отыр. Жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге.

Бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,6%-ға жоғары, алайда еліміз бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.

Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен алды – 180,4 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.

Оның ішінде 157,2 мың теңге – жалдамалы жұмыстан түскен табыс.

Сонымен қатар дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс – 23,2 мың теңге.

Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Оның ішінде 44,8 мың теңге зейнетақы, 9,1 мың теңге жәрдемақы, 1 мың теңге стипендия, 239 теңге АӘК (атаулы әлеметтік көмек) және тұрғын үй көмегін құрады.

Одан бөлек, елімізде туыстары мен таныстарынан материалдық көмек және алимент 6,2%-ға, яғни 5,5 мың теңгеге дейін өсті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img