spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Банкке қарызы бар азаматтар банкроттық туралы өтініш бере алады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына қол қойылды. Енді қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айында банкроттық туралы өтініш бере алады. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова баяндады.

Қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айында банкроттыққа өтініш бере алады. Алайда, ескеру қажет салдары да жоқ емес. Бес жыл ішінде банкрот болған  адам  несие ала алмайды. Яғни, несиенің кез келген түріне шектеу қойылады.

«Заң жобасында банкроттықтан кейін туындауы мүмкін салдарлар қарастырылған. Мысалы, борышкер 5 жыл ішінде несие ала алмайды, банкроттыққа 7 жылдан кейін ғана қайта өтініш беруге болады. Сондай-ақ 3жыл бойы банкрот болған адамның  қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіліп отырады», – деп атап өтті Әсем Шәкірова.

Спикердің айтуынша, алимент бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеуге қатысты борыштар есептен шығаруға жатпайды.

Сондай-ақ, кредиттік міндеттемелерін орындаудан жалтару үшін банкроттыққа өтініш берген қазақстандықтар заң алдында жауап беретін болады.

«Азаматтың кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан қашу мақсатында банкроттықты қолдану туралы өтінішке қасақана жүгінгені үшін – 200 АЕК айыппұл өтейді. Ал, соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы туралы жалған ақпарат бергені немесе мүлкі  туралы мәліметтерді жасырғаны үшін – 100 АЕК», – деп толықтырды Әсем Шәкірова.

Бұдан басқа, қаржы басқарушылары үшін сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу тәртібін бұзғаны үшін де жауапкершілік енгізіледі, көлемі шамамен 15-тен 100 АЕК-ке дейін.

Сондай-ақ, бұл тұста халықтың интернет алаяқтарынан аса сақ болғаны маңызды. Тек заңды және жауапты органдардың көмегімен әрекет еткен жөн деп тілге тиек етті спикер.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img