spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 27, 2025
31.2 C
Kokshetau

ҚР ҰҚК өкілдері үш қалада арнайы операция жүргізіп, 16 тонна есірткі тәркіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық апиын алынды.

Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.

Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақша табылып, алынды.

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.

«Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасуда»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фото: gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика