spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
24.1 C
Kokshetau

Ақмолалық ұстаздың өнер туындыларына шетелдіктер қызығушылық танытуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық болмысымызды айшықтайтын қолөнеріміздің бір түрі зергерлік өнері. Бүгінде заман талабына сай құнды дүниені кез келген заттан жасауға болады. Бұны Целиноград ауданы Қоянды ауылыныңорта мектебінің технология пәнінің ұстазыБахшагүл Байдолдақызы дәлелдеп жүр. Ол 2015 жылдан бері қалдықтан әшекей бұйымдар жасап келеді.Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, зергерлік бұйымдарды, қуыршақ, түрлі мүсіндерді де жасайды.

Бахшагүл Байдолдақызы өнерлі отбасынан шыққан.Жанұясымен бірге шығармашылықпен айналысқандыұнатады.Ол оқушыларын еңбекке баулып, бір жағынан табиғатты сақтап қалуға өз үлесін қосуда.

«Бахшагуль Байдолдақызы көптеген халықаралық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген ұстаз. Мектеп оқушыларымен өзінің шеберлігімен бөлісіп, балаларға бар білгенін көрсетіп, үйретіп жатыр», – деп атап өтті мектеп директоры Меруерт Савилханқызы.

Алдағы уақытта талантты ұстазқайта сұрыптау арқылы қалдық заттардан жаңа дүние ойлап тауып, өз өнерін шәкірттерінің бойына сіңіруді, қазақтың ұлттық өнерін жақсы танитын шығармашыл ізбасарлар тәрбиелеуді мақсат етіп отыр. Бүгінде өнерге қызығушылық танытқан балалар республикалық байқауларда жүлделі орын алып жүр.

«Бахшагүл Байдолдақызының сабағы маған қатты ұнайды. Біз қол жетімді заттардан әдемі дүниелер жасаймыз, оның нәтижесін көргенде көңіліме қуаныш ұялайды. Мен ұстазымның үйретуімен газеттен сәнді бас киімдер мен әшекейлер жасап, республикалық «Эко сән» конкурсында 1-орынды иелендім»,-дейді шәкірті Саматқызы Зере.

Қолөнер шеберінің көз тартар өнер туындыларына қызығушылық көп. Ол Америка мен Түркияға арнайы шақырту алып, жуық арада Америка елшілігінде болып қайтты.

Бахшагүл Байдолдақызы ұлттық құндылықтар мен халықтық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында көп балалы аналарға, жастарға тегін шеберлік сыныбын да өткізіп жүр. Қарапайым тұрмыста қолданылатын пластикалық шөлмектерден, газеттерден, маржан-моншақтардан, шегеден жасалған қолөнер шеберінің туындылары ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Өз ісіне деген сүйіспеншілігінің, атқарып жүрген еңбегінің арқасында шебер қолөнершінің түрлі деңгейде алып жүрген марапаты жетерлік.Ол алғыс хаттар, құрмет грамоталарымен қатар,«Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі» және«Еуразия дизайнерлер одағына 10 жыл» төсбелгілерінің иесі.

Бахшагүл Байдолдақызының мақалаларыоблыстық, республикалық газет-журналдарда жарық көріп, шеберлік сыныптары жарияланып тұрады. Дарынды оқушыларға арналған республикалық ғылыми-танымдық журналда шәкірттері жасаған қол еңбектері, суреттер мен қолөнерлер топтамасы кітапша болып жарияланған.

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, «Бабалар аманаты»энциклопедиясына ең үздік туындылары жарияланып, ең үздік топтама ретінде Америка Құрама Штатына жіберілді.Сонымен қатар, Түркияда өткен халықаралық сурет галереясында көрмеге қойылған туындысы жоғары бағаланды.

Керемет туындыларымен елді тәнті еткен ақмолалық шебер ұстазға облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов толағай табыстар тіледі.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика