«Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.
2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаментінің бас маманы қызметін атқарған.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы болған.
2003-2005 жж. – әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы, 2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ заң қызметтері департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған.
2007 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы болған.
2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрінің көмекшісі, 2008-2009 жж. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры лауазымында болған.
2009-2014 жж. – әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры қызметін атқарған.
2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болған.
2019 жылдың маусым айынан бастап – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі болған.