spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

2023 жылдан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің мөлшері артады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша зейнетақы алушылардың саны 111 967 адамды құрайды.

 «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ескере отырып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. 

Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан  бастап:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;

толық еңбек өтілі болған жағдайдағы ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге 

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге мөлшерінде белгіленеді.    

Еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты  зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5 %-ға арттырылады. 

Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін арттырылады.   

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс денгейінің мөлшерінің 54%-дан 60%-ға ұлғаюына байланысты ұлғайтылады. 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына, сондай-ақ ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 60%-ға ұлғаюына байланысты ұлғайтылады, ол 24 341 теңгені құрайды. 

 Сонымен қатар, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 2027 жылға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады.   

  Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты (40 567 теңге) өседі. 

Осылайша, жалпы аурудан 1-топтағы мүгедекке берілетін жәрдемақы мөлшері 77 889 теңгені, 2 топтағы мүгедектерге 62 068 теңгені, 3 топтағы мүгедектерге 42 190 теңгені құрайтын болады. 

Асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақы бір балаға 34 888 теңгені, асырауындағы екі балаға 60 445 теңгені, үш балаға 75 049 теңгені, төрт балаға 79 512 теңгені, бес балаға 82 352 теңгені, алты және одан да көп балаға 85 597 теңгені құрайды.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне және айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді.  

Айлық есептік көрсеткіш өскен кезде бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы ұлғаяды және бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына 131 100 теңгені (38 айлық есептік көрсеткіш), ал төртінші немесе одан да көп бала туғанына 217 350 теңгені (63 айлық есептік көрсеткішке) құрайды.  

  • бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері ұлғаяды және оларды төлеу мерзімі жұмыс істемейтін әйелдер үшін 1,5 жылға дейін ұзартылады. Жәрдемақы мөлшері 2023 ж. бірінші балаға – 5,76 АЕК -19 872 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК – 23 494 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК – 27 083 теңге, төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК – 30 705 теңге болады.
  • мүгедек бала кәмелетке толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға (асырап алушыға), қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақы 56 794 теңгені құрайды.
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 22 080 теңгені құрайды.
  • 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға жәрдемақы отбасындағы балалардың санына қарай тағайындалады. 2023 жылы 4 балалы отбасыларға жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 55 304 теңге, 5 балалы отбасыларға 20, 04 АЕК – 69 138 теңге, 6 балаға 24,05 АЕК – 82 973 теңге, 7 балаға 28,06 АЕК – 96 807 теңге, 8 және одан көп балаға – әр балаға 4 АЕК төленеді. 

Еңбек және әлеуметтік 

қорғау комитетінің 

Ақмола облысы бойынша департаментінің

бөлім басшысы

Сайран Мерекеқызы Қасымжанова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img