Жаңа жыл мерекесіне орай Ақмола облысының 17 ауданы мен 3 қаласында, облыстық мәдени мекемелерінде 20-30 желтоқсан аралығында ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр: балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойылымдары, концерттер, бал маскарадтар мен мерекелік кештері. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Айгүл Баубекқызы баяндады.
Жуырда «Көкшетау» мәдениет сарайында «Жаңа жылдық шытырман», «Достар» мәдениет сарайы «Новогодние приключения зайчат» театрландырылған қойылымын ұсынады.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «New Year Time» ән кеші жоғарғы деңгейде өтті. Ерназар Оразалиннің жетекшілігімен эстрадалық-үрлемелі оркестр мен солистерімен сүйікті жаңа жылдық әуендер, танымал хиттері орындалды. Кеш қонақтары мен көрермен қауымына жаңа жылдық әсер сыйлаған мерекелік кеш жұртшылықтың көңілінен шықты.
«Бүгінгі күнге 46 500-ден астам бүлдершін 3000-ға жуық жаңа жылдық ертеңгіліктің көреремені атанды. 24-ші желтоқсан күні орыс драма театрында, 28-ші және 30-шы желтоқсан күндері «Көкшетау» мәдениет сарайында, 30-шы желтоқсан күні қазақ музыкалық драма театрында қайырымдылық жаңа жылдық ертеңгіліктері өтеді. Жалпы қайырымдылық ертеңгіліктерімен облыста 7000-ға жуық бала қамтылады»,- деп атап өтті Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.
Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 23-30 желтоқсан күндері «Тамаша» жаңа жылдық мерекелік бағдарламасы қала тұрғындары назарына ұсынылады. Ал, 31-ші желтоқсан күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін Көкшетау қаласының орталық «Абылай хан» алаңында «Шаттық көңіл – Жаңа жыл» атты мерекелік концерті ұйымдастырылады.
Камила Әбделманова