ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ:Бұл мемориалды қаңтарда қаза болған азаматтардың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық!
БҮГІН, 2022 жылғы 23 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Тоқаев Алматы қаласында қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсіміне қатысты және сөз сөйледі.
Иә, жыл басындағы “қаңтар оқиғасы» Президентіміз атап көрсеткеніндей «Тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі оқиғаның бірі болғаны» анық.
– Сол күндері халқымызға зор қауіп төнді. Мемлекеттігіміздің тұғыры шайқала жаздады. Тіпті, «ел болып қаламыз ба, жоқ па» деген сұрақ туды,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Тағзым» мемориалын ашу кезінде сөйлеген сөзінде.
* Ақиқат сөз! Қазақ елінің Тәуелсіздігіне қауіп төнген сәтте Президентіміздің жасқанбай батыл әрі шұғыл шаралар қолданғаны өте орынды болғандығын уақыт айғақтай түсті.
*Ақиқаты керек! Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл әрі дұрыс шешімді жедел қабылдай білуінің арқасында Тәуелсіздік туы жығылмай қалды!
- Ақиқаттың тағы бірі! Тәуелсіздігімізді төнген қатерден сақтап қала алған Қасым-Жомарт Тоқаевқа президент ретінде өз халқына берген Антына адалдығы мен Сертіне беріктігін көрсетті!
– Қарақшылар қаланы қиратты. Күштік құрылымдарға шабуыл жасап, қару-жарақ қоймаларын тонады. Соның кесірінен жазықсыз адамдар опат болды. Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды…
Президентіміздің: «Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды» деген осы бір ауыз сөзінде қаншалықты жан күйзелісі жатқандығын аңдатып тұрғандай.
*Алматыдағы осы «ТАҒЗЫМ» мемориалы – «қаңтар оқиғасы» кезінде лаңкестердің кінәсінен жазықсыз жандардың үзілген өмірлерінің Мәңгілігінің мәңгілігіне орнатылған Ескерткіш!
*Алматыдағы осы «ТАҒЗЫМ» мемориалы- енді қайтып тәуелсіздігімізге қарсы «қаңтар оқиғасы» сынды жайларға жол бермкеу қажеттілігін бізге де, келер ұрпаққа да сәт сайын еске салып тұрар Ескерткіш!
*Алматыдағы осы «ТАҒЗЫМ» мемориалы- Қасым-жомарт Тоқаенвтың сөзімен айтар болсақ «Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғау – бәріміздің перзенттік парызымыз» екендігін аманат етіп тұрар Ескерткіш!
Біз үлкен сынақтан өттік! Біз елдігімізді сақтай білдік! Елдің тыныштығы мен береке-бірлігінің бәрінен де қымбат екендігін ұғындық.
Жаңа да Әділетті Қазақстанды құру жолындағы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүзеге асыра бастаған реформаларына қолдау білдіре отырып, «қаңтар оқиғасының» қоламьасын үрлей беруден сақ болсақ етті.
Қазіргі уақытта Президентіміздің тікелей ынтасымен «қаңтар оқиғасына» қатысты Рақымшылық жасау да басталды.
Бұл кешірімді болудың тамаша өнегіс іспетті. Олай болса, дөңгеленген дүниенің дүрбелеңі көбейіп бара жатқан кезеңде Қазақстанымыздың тыныштығының шырқын бұзатын әрекеттерге бармағанымыз абзал көрінеді.
Өйткені «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» (Қ.К. Тоқаев).
Осы Мемориал арқылы біз де «қваңтар оқиғасы» құрбандары алдында басымызды иеміз!
Жабал Ерғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.