spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолалық құрылыс компанияларына 30 миллион теңге айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәселен, 2022 жылдың өткен кезеңінде құрылыс инспекторлары құрылыс субъектілеріне қатысты 72 жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша 63 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы 67 ұйғарым берілді.

Берілген 67 нұсқаманың қазіргі уақытта ұйғарымдардың 50%-дан астамы толық көлемде орындалды, яғни тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылды, қалғандары бойынша жою мерзімдері аяқталмады. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін 2 субъект тартылды.

«Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде басқарма сәулет-құрылыс тәртібін бұзғаны үшін 182 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдады. Жобаның және құрылыс сапасының сәйкес келмегені үшін 15 мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын 4 тұлға тартылды. Жобалық және рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 110 құрылыс субъектісі тартылды. Жалпы, 2022 жылдың өткен кезеңінде Басқарма әкімшілік құқық бұзушылық туралы 182 хаттама жасады. Оның 74-і қаралды және оның нәтижелері бойынша 33 923 488 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. 69 әкімшілік іс соттарға жолданды», – деп хабарлады мемлекеттік сәулет-құрылыс облыстық басқармасының басшысы Арман Ризанов.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында автомобиль жолдарын салу сапасына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты құрылыс инспекторалыр автомобиль жолдарын салу сапасына бақылауды күшейтті, сонымен қатар бейінді білімі бар және автомобиль жолдарын салуда айтарлықтай тәжірибесі бар маман жұмысқа қабылданды. Басқармамен ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, Жолдауда берілген президенттің тапсырмасы шеңберінде Ақмола облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда тексеру іс-шараларын жүзеге асырады.

«Бұл бағытта Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығымен өзара іс-қимыл жолға қойылған. Мысалы, Басқармаға ағымдағы жылы Ұлттық сапа орталығы зертханалық бақылаудың 9 материалы келіп түсті, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды. Басқарма аталған материалдар бойынша 4 тексеру жүргізіп, 5 құрылыс субъектісіне қатысты шаралар қабылдады, оның ішінде 3 техникалық қадағалау сарапшысы. Екі материал қаралуда», – деп түсіндірді Арман Ризанов.

Бұдан басқа, құрылыс инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп, салынып жатқан объектілерге тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының 30-дан астам нысаны тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша Басқарма прокуратура органдарына қорытынды береді, ол бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img