Желтоқсан айының 13 мен 15 аралығында Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында батальон құрамындағы үздік офицерлері мен сержанттарын анықтау конкурсының шешуші 3 кезеңі өтті.
Тексеру барысында әскерилерге жеке дара дайындығы бойынша келесідей әскери пәндерге аса назар аударылды: мемлекеттік-құқықтық дайындығы, тактика пәні, атыс және дене шынықтыру дайындығы, жалпы әскери жарғыларының талаптарын білу, радияциялық химиялық биологиялық қорғанысы мен әскери құжаттама мен мемлекеттік тілді игеруі бойынша тексерілді.
Үш күн аралығында әскери қызметшілер тестілеумен, нормативтерді тапсырды.
Номинациялар бойынша ҮЗДІК ВЗВОД СЕРЖАНТЫ-ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША НҰСҚАУШЫ болып Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің 3 атқыштар ротасының взвод сержанты аға сержант Ерболат Габбасов атанды.
Айта кетерлік, аталмыш конкурсқа Ерболат Габбасов бірінші рет қатысуда, көбіне әскер қызметші спорт майталманы, 2009 жылы әскери үшсайысқа, 2018 жылы Семей қаласында өткізілген штаттық қарудан ату бойынша Ұлттық ұлан құрамалары арасында 1 орын жүлдегері атанды. Ерболат аталмыш лауазымындағы міндетін 2012 жылдан бастап атқаруда. Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.
Әскерилерге арнайы дипломдар мен Кубкілерді Қазақстан Республикасының ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов табыстады.