spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері белгіленді

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;

2) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 70 000 (жетпіс мың) теңге;

3) көліктік шығыстар – 80 000 (сексен мың) теңге.

  1. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Төраға м.а. К. Петров
Хатшы М. Ерман

 

Астана қаласы,

2022 жылғы 15 желтоқсан

№ 123/617

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img