spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
1.2 C
Kokshetau

Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры!

Сондай-ақ...оқыңыз

Егемен елдің ең бағалы құндылығы көзіміздің қарашығындай қорғалуы тиіс – Тәуелсіздігімізге де биыл отыз бір жыл толып отыр. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы жариялап, әлемге шегі мен шеті жоқ Еуразия құрлығында жаңа дербес мемлекет пайда болғанын паш еткен.

Тәуелсіздік- аса қасиетті, киелі,  қастерлі ұғым. Өйткені тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.  Бұл еркіндік пен азаттықты ғасырлар бойы аңсаған қазақ халқының тағдырында болған аса маңызды бетбұрыс кезең болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Декларация қағидаттары негізінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстанда Конституциялық заңның қабылданған күні «Тәуелсіздік күні» ретінде атап өтіледі.

Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Өткен жылдарға көз жіберсек сол желтоқсанда тұтас елдің бірауызды даналықпен жасаған таңдауы тәуелсіз қазақ елінің тек сол жылдарға ғана емес болашақтағы сенімді даму жолының үзілмес алғышартын айқындап бергенін көреміз.

Қазақстанға жаңа тарихи жағдайларда тәу еткен тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына ену үшін азаматтық қоғам мен қауіпсіз мемлекет жүйесін құрып, қаржылық және банкілік жүйені дамытып, нарықтық механизмдерді игеріп, экономиканың жаңаша үлгісін құру қажет болды.

Бүгінде Қазақстан Республикасы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларын өткізудің қомақты жетістіктерімен даңқы шықса, ал халықаралық қауымдастық біздің елімізді жаһандық әлемдік процестердің ықпалды әрі беделді мүшесі ретінде қабылдайды.

Ұлт Көшбасшысының саяси даналығының және онымен таразыланған Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық ұлттық саясатының бірегей үлгісінің арқасында ондаған өзге мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуы, өзара қарым-қатынасына, бірін-бірі рухани байытуына мүмкіндік береді.

Біздің еліміздегі қолданыстағы заңнама діни еркіндік пен бостандыққа кепілдік береді, Қазақстан халқының рухани мұраларымен үйлесетін діннің тарихи және мәдени құндылықтарын таниды.

Дұрыс және уақытпен тексерілген Қазақстанның құқықтық негізі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заңгерлік көмек алу үшін әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығына кепілдік береді, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін әлемдік аренада ұсыну және қорғауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік жылдарында әділет органдарының функциялары үнемі жетілдіріліп отырды. Қазақстан Республикасының заңнамасына барлық өзгерістер мен толықтырулар дұрыс енгізіліп, көптеген тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, қағаз құжаттарын азайтуға және ел дамуының түрлі салаларындағы бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталды.

Мысалы, тәуелсіздік жылдарында әділет органдары ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер электрондық нысанға аударылды, бірқатар мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдері айтарлықтай қысқартылды және бірқатар электрондық мемлекеттік қызметтер санаулы сағат ішінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, елімізді цифрландыру саясаты шеңберінде заңгерлік көмекті автоматтандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша адвокаттық қызмет және заң кеңесшілері қызметін автоматтандыруды көздейтін «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі әзірленді. Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халыққа білікті заң көмегін, сондай-ақ халыққа заң көмегін қамтамасыз ету бойынша адвокаттық қызмет пен заң кеңесшілер қызметін автоматтандыруды жеңілдету болып табылады.

Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізуді бірнеше ғасырлар бойы арман етті. Сондықтан Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық азамат үшін ерекше мереке, біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра. Осы мұраны сақтап қалу біздің парызымыз және Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтуға бар күш-жігерін салу әр азаматтың міндеті.

Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әр отбасына зор денсаулық, мол бақыт, иігілік пен әл-ауқат, барлық ойға алған мақсаттары мен армандарының  орындалуын тілеймін.

Тәңірдің үлкен сыйы болған тәуелсіздігіміз баянды, тұғырымыз орнықты, мәртебеміз биік болып, көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін!

 

Ақмола облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары

Әдеп жөніндегі уәкіл

Гүлмира Әкімова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img