spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда тәуелсіздік күніне арналған кездесу өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапхансында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды» тақырыбында кездесу өтті. Іс – шара  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық даму орталығы” мекемесінің ұйымдастыруымен өтті.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен де қымбат!

Біздің міндетіміз теңдесі жоқ Тәуелсіздігіміздің қадірін кейінгі ұрпақтың бойына сіңіріп, оларды ел тарихы мен тілін құрметтейтін, ұлт тағдырына жанашыр, отансүйгіш азамат ретінде тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бабаларымыздың аманатын орындау  үшін талай боздақтарымыз жандарын қиды. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды.

Қазақ халқының қаһарман перзенттерінің қайтпас ерліктері халқымыздың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған игі шарада осынау ерліктің ғажайып үлгісін көрсеткен бабаларымыздың рухына тағзым етілді.

Ел жастарына үлгі-өнеге болар алқалы жиынға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Сабырхан Кенжебаев, «Қоғамдық даму орталығы» басшысы Айдын Раисов, 1986 жылғы Желтоқсан уақиғасына қатысқан біздің жерлес ағаларымыз, бүгінде ел Қаhармандары атанған Сайранбек Қарабатыров, Дәуренбек Жарылғасов, Еркін Есілбаев, Мереке Нұрбаев, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалым-ұстазы Марат Өтегенов қатысып, Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында маңызды да құнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арнайы ұйымдастырылған іс-шара  тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай қорғауға ұмтылған жастарды «жаңаша Өрлеуге бастар жол» болғандай болды.

Егемен еліміздің жасампаз рухы әрдайым биік болып, бабалар ерлігімен өрнектелген көк туымыз ашық аспан астында  жел­бірей берсін!

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті – Биыл ауа райы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика