spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында алғашқы қазақстандық профилактикалық медицина курорты ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Wyndham Residence брендімен Орталық Азиядағы алғашқы саяжай қонақ үйінің тұсаукесері өтті. Елдің туристік картасында Wellness демалыс тұжырымдамасымен Wyndham Residence Aqkol Club сауықтыру орны пайда болды. Бизнесті қолдаудың арқасында жаңа бағыттар дамуда. Қала сыртындағы курорт-отель Астанадан 110 шақырым жерде, Ақкөл қаласының жанында орналасқан. Оның ерекшелігі – профилактикалық және қартаюға қарсы медицина әдістері енгізілген Қазақстандағы алғашқы қонақ үй.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев атап өткендей, бұл жоба отандық туризмде сервистің жаңа деңгейін орнатуға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында атап өтілгендей, бүкіл әлемде туризм әрбір 6-шы жұмыс орнын құрады, дүниежүзілік ІЖТ-қа қосқан үлесі 11% құрайды. Қазақстанда туризмнен түскен табыс ауыл шаруашылығы деңгейіне жетті. Ал 2030 жылға қарай әрбір үшінші адам туризм саласында жұмыс істейтін болады деп болжануда.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Аманбаев өз сөзінде қызықты деректер келтірді.

«Осы жылдың өзінде елімізде 400-ге жуық жаңа қонақ үй салынды, олардың саны ел бойынша 4 мыңға жуықтады. Біз пандемия кезеңінде отандық демалысқа сұраныстың қалай өскенін көріп отырмыз. Ақкөл қаласында ойластырылған жоба инфрақұрылыммен, тамақтану және демалыс тұжырымдамасымен біз үшін қызықты», – деп бөлісті Kazakh Tourism басшысы.

Ақкөл курорты тым тиеілу Бурабайға жақсы балама болады деп күтілуде.

«Ақмола облысына жыл сайын 1 миллионға жуық турист келеді, оның 700 мыңы – Бұрабайға. Бұл үлкен жүктеме. Біздің өңіріміз табиғатқа бай, сондықтан біз туризмді дамытуға міндеттіміз. Облыс аумағында үш ұлттық парк бар – Көкшетау, Бұрабай және Бұйратау, сондай-ақ Қорғалжын қорығы бар. Ақкөл аймақтың басқа курорттарынан еш кем түспейді, бірақ әлі көп жұмыстар орындау қажет. Сондықтан бұл жоба аудан үшін маңызды, өйткені ол отандық туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестициялар тартуға, бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Андрей Подгурский.

Шамамен бес жыл бұрын Ақкөл қаласы Қазақстандағы алғашқы смарт-сити мәртебесін алғаны, сондай-ақ туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіргені белгілі. Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин атап өткендей, өңірде туризмді дамыту үшін барлығы бар – жануарларға, саңырауқұлақтар мен жидектерге бай орманмен жабылған үлкен аумақ, сонымен қатар балыққа бай көлдер бар.

«Біз осындай жобаларды қолдайтын боламыз, өйткені олар өңірдің дамуына үлес қосады, сондай-ақ Ақкөл қаласының мәдени қала мәртебесін қалыптастыруға ықпал етеді. Біз өз тарапымыздан барлық жаңа жобаларды цифрландыруды жоспарлап отырмыз, базаға туристік маршруттар енгізілетін болады», – деді Юрий Викторович.

QZ Property девелопер-компаниясының атқарушы директоры Эльмира Кабланбаева туризмдегі жаңа бағыттарды қолдағаны үшін мемлекетке алғысын білдірірді. Компания қонақ үй индустриясының ең жылдам дамып келе жатқан сегменттерінің бірі – Wellness жылжымайтын мүліктің пайдасына таңдау жасағанын атап өтті.

«Wellness физикалық және психикалық әл-ауқатқа негізделген салауатты өмір салты тұжырымдамасын ұсынады. Бұл денсаулық стратегиясының негізгі компоненттерінің тепе-теңдігі: тамақтану, физикалық белсенділік, қоршаған орта, психикалық әл-ауқат және терапия. Интегративті медицина және сауықтыру институты (Institute of Integrative Medicine and Wellness) әлемдік ғылыми жетістіктерді талдауды ескере отырып, белсенді ұзақ өмір сүрудің бағдарламалары мен әдістемелерін әзірледі», – деп ойымен спикер бөлісті.

ТМД бойынша Wyndham желісінің бас менеджері Сергей Егоров атап өткендей, Ақкөлдегі жоба мақтаныш сезімін тудырады, өйткені бұл Орталық Азиядағы Wyndham Residence қонақ үй индустриясының көшбасшысы брендімен алғашқы қала сыртындағы қонақ үй. Бұл инвесторлар үшін бірегей мүмкіндік береді, өйткені бұл кепілдендірілген кірістілігі бар сапалы өнімге инвестиция.

«Бұл жобаның тұжырымдамасы – сапа, қауіпсіздік және кірістіліктің үйлесімі», – деп қорытындылады Сергей Егоров.

Айта кетейік, қонақ үйді толық іске қосу 2023 жылдың екінші тоқсанында жоспарланған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img