spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Абылай хан даңғылындағы қираған жарық шамдары қашан жөнделеді?

Сондай-ақ...оқыңыз

«EsilNews» электронды газет Көкшетау қаласының әкіміне сауал жариялады: Абылай хан даңғылындағы қираған жарық шамдары қашан жөнделеді?

Мен Көкшетау қаласының тұрғынымын, осында туып өстім. Сүйікті қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Дегенмен, сонда да әлі де күрмеуі қиын, шешілуі тиіс мәселелер баршылық. Кей көшелердегі жол мен ауызсудың сапасы сың көтермейді. Жаңадан  салу үшін уақыт және қаржы қажет, оны түсінеміз. Ал, қолда барын күтіп ұстау мәселесіне неге назар аудармайыз?!

Мәселен, Абылай хан даңғылындағы көшенің екіжағындағы жаяулар жолында жарық шамдары қираған, тіпті, кейбірінің бағанасы қисайып түбірімен құлағалы тұр. Кешкілік уақытта, көше қараңғы тұрғындарға жаяу жүруіне өте қиын. Бұл көшедегі жарық шамдарының осылай қирап тұрғанына ондаған жыл болды. БАҚ бірнеше рет жазылды да, көрсетілді де. Талай әкім ауысты, бірақ оның бірде бірі осы көшемен жаяу жүріп, қарамады.

Осыдан-ақ, қала әкімнің Президенттің «Халықтың пікіріне құлақ асатын» мемлекет құру туралы тапсырмасына жүрдім-бардым, салғырт қарап отырғанын байқауға болады. Осыны көргенде ішің аурады. Көкшетау ешкімге керек емес қала сияқты. Ол аздай Абылай хан көшесінен тұрғын үйлердің ауласына кіре берістегі жолдар ойық-ойық, тұрғындардың жүріп тұруына кедергі. Тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер ететін осындай мәселелерге неге жауапкершілікпен қарамаймыз? Әлде қала әкімі айға қарап жүр ме? Неге осы мәселені шешу үшін Бауыржан Ғайса қарамағындағыларға тапсырма бермейді?!.

Базарбай Рақымжанов, Көкшетау қаласының тұрғыны.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img