spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Онда облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басым бағыттары белгіленді.

Дөңгелек үстелдің модераторы облыс әкімі Ермек Маржықпаев болды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және мемлекеттік органдардың ашық жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл мемлекеттік қызмет үшін басты міндет – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы, ең алдымен, халық үшін маңызды мәселелерді шешуге, азаматтардың сеніміне қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.

 

-Ауыл шаруашылығы саласында облыс әкімдігімен бірлесіп,  сала қызмткерлеріне жеңілдікті дизель отынын жеткізу процесін реттедік, сол арқылы фермерлердің қатысуымен осы рәсімнің ашықтығын көрсеттік. Мұның бәрін агенттік те, аймақ фермерлері де оң бағалады. Осындай жұмыс субсидиялау саласында да жүргізілді. Біздің бастамамыз бойынша субсидиялау мәселелері облыс прокуратурасы жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды. Барлық мүдделі органдармен келісілген проблемаларды жою жөніндегі егжей – тегжейлі жоспар бекітілді, – деп атап өтті өңірлік Антикор басшысы Арман Рахимов.

 

Жергілікті және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының арқасында мемлекеттік қорға 211 мың гектардан астам жер қайтарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен өңірдің прокуратурасы пайшылардың шартты жер үлестерін пайдалану саласында жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде жер үлесі бар 100-ден астам пайшы проблемалық кәсіпорындар құрамынан шығып, дивидендтерінің мөлшері артты.

Арман Рахимов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері мен процестеріне азаматтардың өздері де белсенді қатысады. Осы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 11 ақмолалық 1,8 миллион теңге көлемінде сыйақы алып, 1 азамат грамотамен марапатталды.

Бұл ретте өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңыздылыға туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжебаев айтып берді. Қазір сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік принциптері бар балалар мен жастарды тәрбиелеуге баса назар аударылып жатыр. Бүгінде жас қазақстандықтардың кәсіби жоғарылауы үшін зор перспективалар бар. Алайда, қазіргі жастар, ең алдымен, тұлғаның берік моральдық негіздеріне, азаматтық ұстанымға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың тұрақты дағдыларына ие болуы керек.

Сонымен қатар, бірнеше жылдан бері жалпы білім беретін мектептерде «Адал Ұрпақ»  клубтары, ал жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде «Саналы Ұрпақ» клубтары жұмыс істейді. Сондай-ақ,  мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесттер мен парасаттылық сағаттары бірлесіп өткізіледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу бойынша мақсатты және жүйелі жұмыс жалғасатынын атап өтті. Басым бағыттардың қатарында адал бизнесті ынталандыру, сапалы цифрландыру, бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз ету, жауапкершіліктің бұлтартпастығы, отбасы институты арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлықты дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде рейтингтік бағасы бар. Сондай – ақ, сыбайлас жемқорлардың жария тізімінің жасау шараларын жүйеге енгізу көзделген, соның арқасында қоғамның жемқорлыққа төзбеушілік ахуалы қалыптасатын болады. Өйткені адамның жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат жария болады, ал пара алу фактісі ұятты іс-әрекет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберіндегі жаңашылдықтардың бірі-лауазымды тұлғалардың адалдығын тексеру институты (integrity check). Мысалы, мемлекеттік қызметшіге әртүрлі вариацияларда оның міндеттері шеңберінде заңсыз әрекеттерді орындағаны үшін белгілі бір игіліктер ұсынылатын болады. Ол өз кезегінде заңнамаға сәйкес бұл туралы өзінің басшылығына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабарлауы тиіс. Егер ол хабарламаса, онда, тиісінше, қызметші тексеруден өтпейді. Осы жаңашылдықтың бастамашылары ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты тексеру тетігін пилоттық сынақтан өткізуді Антикор қызметкерлерінен бастады.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img